www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
07.12.2017
Тұрақты бақылауда

Өткен сәрсенбіде жергілікті әкімдікте жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кезекті кездесу өтті. Кездесуге Шахтинск қаласының әкімі С. Аймақов, қала әкімінің орынбасары Л.Буравко, «Барс» қалалық стадионының директоры Б.Балықов, қалалық емхана директорының орынбасары Д.Нұрмағанова, мемлекеттік орган өкілдері, сондай-ақ, кент тұрғындары қатысты.     

Қала әкімі С. Аймақов, мемлекеттік органдардың басшылары өткен кездесу барысында  келіп түскен ұсыныстар мен ескертулердің орындалуы туралы есеп берді.

Көтерілген мәселелер тізімі әдеттегідей өте көп, оларды шартты түрде денсаулық сақтау және тұрғын үй – коммуналдық сипаттағы мәселелерге бөлуге болады. Бүгінгі таңда арнайы мамандардың жетіспеушілігі бар екендігін атап өту керек, аймақ басшысы және қалалық емхана басшылығы тұрғындарға келесі аптада «жапы практикадағы дәрігерге» оқытылған және мамандығын алған, бұрынғы учаскелік дәрігер В.Гунгер жұмысқа кірісетінін түсіндірді. Жалпы кенттің Отбасылық денсаулық орталығында 4 маман жұмыс істейтін болады: 3 учаскелік дәрігер 1 жалпы практикадағы дәрігер. Бейінді мамандар бекітілген кестеге сәйкес келіп қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, жыл соңына дейін кентке науқасты стационарға жеткізу үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған реанимобиль- мамандандырылған жедел жәрдем машинасы беріледі.

Сондай-ақ, Шахан кентінің тұрғындары пәтерге берілген жалға алу шарттарын сот тәртібінде жарамды деп тану механизмі мен ТКШ жандандыру бағдарламасы бойынша түсініктеме беруді өтінді. Қала әкімі ТКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімінің басшысының м.а. Т.Пероваға айталған мәселелер бойынша қадамдық іс-қимыл алгоритмін дайындауды тапсырды.   

Қала әкімі мен кент әкімі өзге де сұрақтардың барлығына  тиісті жауаптар мен түсініктемелер берді, сұрақтардың жартысы бұдан әрі шешу үшін бақылауға алынды.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз хатшысы



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 15°C , ылғал 34%, қысым 716, жел 8 м/с

Валюта бағамдары

USD 325.79
Euro 402.94
Рубль 5.33

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары