www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
06.12.2017
Өзгертулер мақұлдады

Өткен сейсенбіде қалалық әкімдіктің мәжіліс залында қалалық мәслихаттың кезектен тыс XVIII сессия өтті. Депутаттардың қарауына 2017-2019 жылдарға арналған бюджетке өзгертулер енгізу мәселесі шығарылды.

Экономика және қаржы бөлімінің бастығының міндетін атқарушы С.Таширова енгізілген өзгертулер туралы ақпаратты ұсынды. Бюджеттік балансты жасау және бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану мақсатында, бюджеттің кіріс бөлігін асыра орындау және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің қолдау хатының негізінде бюджет қайта бөлінді. Енгізілген өзгертулерді ескере отырып, ағымдағы жылдың қалалық бюджетінің  кіріс бөлігі 6 млрд 360 млн 505 мың тенгені, ал шығыс бөлігі - 6 млрд 398 млн 331 мың тенгені құрады. Депутаттар қалалық бюджетке енгізілген өзгертулерді мақұлдады.

Бұдан әрі халық қалаулылары негізгі мақсаты қоршаған ортаның экологиялық жағдайын сақтап қалу және бұдан әрі  тиімді пайдалану үшін жайылымдардың жағдайын сақтау болып табылатын Шахтинск қаласы бойынша 2017-2018 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекітті. Осы жылдан бастап жайылымдық жерлерді пайдалануға қатысты құқықтық қарым-қатынастар ҚР 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңымен реттеледі.

Сонымен қатар, қалалық мәслихаттың №7 сайлау округінің депутаты Алтыбаев Мадиар Мықтыбековичтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды.

Мәслихат сессиясына қала әкімінің орынбасары Л.Буравко,  дербес бөлімдердің басшылары қатысты.

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -19°C , ылғал 69%, қысым 732, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 335.38
Euro 394.07
Рубль 5.67

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары