www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
06.12.2017
2018-2027 жылдар аралығында әйелдердің зейнетақы жасын көтеру, 01.08.2018 жылдан базалық зейнетақы төлемін тағайындау (қайта есептеу) әдістемесінің өзгеруі

 

2018-2027 жылдар аралығында әйелдердің зейнетақы жасын көтеру, 01.08.2018 жылдан базалық зейнетақы төлемін тағайындау

(қайта есептеу) әдістемесінің өзгеруі

 

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының (бұдан әрі-Заң) 11- бабының 1- тармағына сәйкес 01.01.2018 - жылдан бастап 01.01.2027- жыл аралығында әйелдердің зейнет жасын көтеру, жыл сайын 6 айға көтерілумен біртіндеп жүзеге асады.

 

Зейнет жасын кезең-кезеңмен көтеру кестесі

 

Жыл

Зейнетжасы

Туған күні

2018 жыл 1қаңтар

58 жас 6 ай

1960- жылғы 1- қаңтардан 1960- жылғы

30- маусым аралығы

2019 жыл 1қаңтар

59 жас

1960- жылғы 1- шілдеден 1960- жылғы

31- желтоқсан аралығы

2020 жыл 1қаңтар

59 жас 6 ай

1961- қаңтардан 1961- жылғы

30- маусым аралығы

2021 жыл 1қаңтар

60 жас

1961- жылғы 1- шілдеден 1961- жылғы

31- желтоқсан аралығы

2022 жыл 1қаңтар

60 жас 6 ай

1962- жылғы 1- қаңтардан 1962 - жылғы

30- маусым аралығы

2023 жыл 1қаңтар

61 жас

1962- жылғы 1- шілдеден 1962 -жылғы

31- желтоқсан аралығы

2024 жыл 1қаңтар

61 жас 6 ай

1963 -жылғы 1- қаңтардан 1963- жылғы

30- маусым аралығы

2025 жыл 1қаңтар

62 жас

1963 -жылғы 1- шілдеден 1963- жылғы

31- желтоқсан аралығы

2026 жыл 1қаңтар

62 жас 6 ай

1964 -жылғы 1- қаңтардан 1964- жылғы

30 –маусым аралығы

2027 жыл 1қаңтар

63 жас

1964 -жылғы 1- шілдеден 1964- жылғы

31- желтоқсан аралығы

 

Егер зейнет жасына әйел 2017- жылдың 10- қарашасында толып (58 жас), және уақытында (2017-жылдың 31-желтоқсанына дейін) жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш білдірмесе және 2018- жылдың 1- қаңтарында келсе, өтініш және құжаттарымен Заңның 11- бабының 1-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындауға тек 58,5 жасқа толғанда өтініш бере алады.

Қазақстандағы зейнет жасының көтерілуі зейнеткерлікке қазіргі кезде ерте шығуға жеңілдігі бар әйелдерге қатысы жоқ.

Заңның 11 бабының 2 тармағына сәйкес - төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әйелдердің 45 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалуына құқығы бар.

2018-жылдың 1- қаңтарынан базалық зейнетақы төлемін тағайындау әдістемесіне өзгерістер қарастырылуда, олзейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қатысты болмақ. Базалық зейнетақы азаматтарға жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанда тағайындалады (63 - ерлер, 58,6 жастан -әйелдер).

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне төмендегілер кіреді:

- 1998- жылғы 1- қаңтарға дейінгі еңбек өтілі;

- жинақталған еңбек өтілі (міндетті зейнетақы төлемдер есептелген кезеңдер);

- басқа да өтілдер (3 жасқа дейінгі бала күтімі, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектерге, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, дипломатиялық қызметкерлер және басқалар жұбайларымен бiрге тұрған уақыты). Бұл өзгерістер жаңадан зейнетке шыққан және 2018 жылдың 1 шілдесінен базалық зейнетақысы қайта есептелетін басқа да зейнеткерлерге жүргізіледі.

Егер азамат 10 жыл ғана жұмыс істеп оны БЗЖҚ аударған болса, немесе мүлдем жұмыс істемесе, оған базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ы мөлшерінде тағайындалады.

10 жылдан жоғары әрбір жыл үшін оның мөлшері 2%-ға жоғарылап отырады. Мысалы, 20 жыл қатысу өтілінде базалық зейнетақының мөлшері  ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ын, 30 жылда - 94% құрайды. Еңбек өтілі 33 және одан да көп жылды құрайтын болса, базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100%-ын құрайды.

 

 



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -19°C , ылғал 69%, қысым 732, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 335.38
Euro 394.07
Рубль 5.67

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары