www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
06.12.2017
Әйелдер үшін зейнетақы жасының өзгеруі

 

Әйелдер үшін зейнетақы жасының өзгеруі

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңына сәйкес, 2018ж.  2027ж. дейін әйелдердің зейнетақы жасының кезеңімен жоғарылауын көздейтін, норма 2018 жылдың 01- қаңтарынан  бастап күшіне енеді.

2018 жылдың 01-шілдесінен бастап, зейнетақы жүйесінде қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын, базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау әдістемесінің өзгеруі көзделеді. Базалық зейнетақы жалпы белгіленген зейнетақы жасына жеткен азаматтарға ғана тағайындалатын болады: 63 жас ер адамдар үшін, 68 жас және 6 ай әйел адамдар үшін.

Зейнетақы өтіліне не кіреді:

Зейнетақы өтіліне: ынтымақты жүйесінде жинақталған, 1998жылдың 01- қаңтарына еңбек өтілі; міндетті зейнетақы жарналары төленген аралықты қарастыратын жинақтау өтілі; бала үш жасқа толғанға дейінгі, 16 жасқа дейінгі жастайынан мүгедек баланың күтімі; әскери қызметкермен, арнайы мемлекеттік органының қызметкрімен, дипломатиялық жұмыскерлер мен т.б. бірге тұрған уақыты.

Бұл өзгерістер, 2018 – жылдың 01- шілдесінен бастапбазалық зейнетақы қайта есептеулері жүргізілетін зейнеткерліктегі және жаңадан зейнеткерлікке шығатын зейнеткерлерге таралады.

Зейнетақы есептеулерінің әдістемесі:

Егер азамат 10 жыл ғана жұмыс істеп оны БЗЖҚ аударған болса, немесе мүлдем жұмыс істемесе, оған базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ы мөлшерінде тағайындалады.

10 жылдан жоғары әрбір жыл үшін оның мөлшері 2%-ға жоғарылап отырады. Мысалы, 20 жыл қатысу өтілінде базалық зейнетақының мөлшері  ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ын, 30 жылда - 94% құрайды. Еңбек өтілі 33 және одан да көп жылды құрайтын болса, базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100%-ын құрайды.

Зейнетақы жасы кімдерге тимейді:

Қазақстандағы зейнет жасының көтерілуі зейнеткерлікке қазіргі кезде ерте шығуға жеңілдігі бар әйелдерге қатысы жоқ. Бұл, бес және одан көп бала туған (асырап алған) және олардың он сегіз жасына дейін тәрбиелеген әйелдер. Олар 53 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне құқығы бар. Сонымен қатар, 1949 – жылдың 29 тамызына бастап 1963 жылдың 05 шілдесіне дейінгі мерзімде, төтенше және максималды радиациялық қауіпі бар аймақтарда  5 жылдан кем емес уақыт тұрған әйелдер, 45 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындауға құқықтары бар.

Зейнетақы рәсімдеу үшін жүгінудің мерзімдері бойынша:

Егер зейнет жасына әйел 2017 жылдың 10 қарашасында толып (58 жас), және уақытында (2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін) жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш білдірмесе және 2018- жылдың 1- қаңтарында келсе, өтініш және құжаттарымен Заңның 11- бабының 1-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындауға тек 58,6 жасқа толғанда өтініш бере алады.

 

Зейнет жасын кезең-кезеңмен көтеру кестесі

 

Жыл

Зейнетжасы

Туған күні

2018 жыл 1қаңтар

58 жас 6 ай

1960- жылғы 1- қаңтардан 1960- жылғы

30- маусым аралығы

2019 жыл 1қаңтар

59

 жас

1960- жылғы 1- шілдеден 1960- жылғы

31- желтоқсан аралығы

2020 жыл 1қаңтар

59 жас 6 ай

1961- қаңтардан 1961- жылғы

30- маусым аралығы

2021 жыл 1қаңтар

60 жас

1961- жылғы 1- шілдеден 1961- жылғы

31- желтоқсан аралығы

2022 жыл 1қаңтар

60 жас 6 ай

1962- жылғы 1- қаңтардан 1962 - жылғы

30- маусым аралығы

2023 жыл 1қаңтар

61 жас

1962- жылғы 1- шілдеден 1962 -жылғы

31- желтоқсан аралығы

2024 жыл 1қаңтар

61 жас 6 ай

1963 -жылғы 1- қаңтардан 1963- жылғы

30- маусым аралығы

2025 жыл 1қаңтар

62 жас

1963 -жылғы 1- шілдеден 1963- жылғы

31- желтоқсан аралығы

2026 жыл 1қаңтар

62 жас 6 ай

1964 -жылғы 1- қаңтардан 1964- жылғы

30 –маусым аралығы

2027 жыл 1қаңтар

63 жас

1964 -жылғы 1- шілдеден 1964- жылғы

31- желтоқсан аралығы

 



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -19°C , ылғал 69%, қысым 732, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 335.38
Euro 394.07
Рубль 5.67

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары