www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
27.11.2017
Үздіктер марапатталды

Тұңғыш Президент күні мен еліміздің Тәуелсіздігі күні сияқты маңызды мемлекеттік мерекелер қарсаңында өткен жұмада Кеншілер мәдениет сарайында қала әкімінің «Жастар» сыйлығының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау шарасы өткізілді. 10 жыл ішінде аталмыш сыйлық жастар арасында ғана емес, сонымен қатар біздің қаламыздың тұрғындары арасында да танымал, ең сүйікті және өзін көптен күттірген іс-шара болып табылады.  

Әдемі әсемделген залдан, LED-экранда латын әліпбиімен жазылған «JASTAR 10 JYL» жазуынан бастап, жас каратистердің, вокалистердің және бишілердің өнерін қоса алғанда  мереке жастар, даму, креатив мен шығармашылық  рухына толы болды.

Міне көптен күткен және толқуға толы кезең – біздің жеңімпаздарымыздың аты жазылған конвертті ашу кезеңі де келіп жетті. «Үздік жоғары сынып оқушысы» номинациясында Бокарев Никита  жеңімпаз атанды. Үздік «Жас спортшы» болып Кулдеева Айкен танылды. «Колледждің үздік студенті» номинациясының сыйлығын Махиня Сергей мен Тұрсын Байбол екеуі өзара бөлісті. Жастар ісі мен жөніндегі кеңестің және депутаттардың ұсынысы бойынша «Өз қаласының патриоты» деген жаңа номинация берілді, оның жеңімпазы болып  Жұман Бектас танылды.

Кулыгин Илья және Козлова Марина «Депутаттар таңдауы» номинациясының иегері атанды. Лауреаттарға наградаларды, номинанттарға дипломдарды қалалық мәслихат депутаттары, мұғалімдер және мемлекеттік мекеме басшылары табыс етті.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға көмек көрсеткені үшін Мәдениет сарайының директоры Л. Козлова, қалалық мәслихат депутаты және кәсіпкер А.Омарбеков, Ә.Бөкейханов атындағы мектеп – лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Тілеубек алғыс хатпен марапатталды. Гран-при иегерін марапаттау үшін сахнаға қала әкімі С.Аймақов шықты, ол қазіргі заманауи кезеңде қандай елдің болмасын дамуында жастардың рөлі ерекше екенін атап өтті. Іс-шараға келушілер жеңімпаздың атын тағатсыздана күтті және спорт шеберлігіне үміткер, ҚР жастар құрамасының мүшесі, бокстан халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық турнирлардың жеңімпазы және жүлдегері Сырымбетов Талғаттың аты аталғанда ду қол шапалақ соғылды.

Іс-шара патриоттық ән - жастар гимнін орындаумен және естелікке ортақ фотоға түсумен аяқталды. 

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 15°C , ылғал 34%, қысым 716, жел 8 м/с

Валюта бағамдары

USD 325.79
Euro 402.94
Рубль 5.33

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары