www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
24.11.2017
«Электронды үкімет» порталы

 

«Электронды үкімет» порталы

 

Бүгінгі ғылым мен техника қарыштап дамыған өркениет заманында азаматтардың өмірлік қажеттіліктерін, конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету – мемлекеттік органдардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Бұл бағытта орталық мемлекеттік аппараттардан бастап жергілікті өзін-өзі басқару органдарында да заман көшіне ілесе отырып, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – тұрғындардың қолжетімді мемлекеттік қызметтер алуына барынша жағдай жасау мақсатындағы «Электронды үкімет» порталы. Бұл жүйе - ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға  мүмкіндік берген де дәл осы механизм. Осы жүйе арқылы азаматтар 15 минөт ішінде заңды тұлғаны тіркеу,  жеке куәлік,  төлқұжат немесе жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігіне ие болуда.

Бұл жерде әлеуметтік маңызды қызметтерге айрықша көңіл бөлінеді, міне сондықтан да олардың барлығы электронды үлгіге ауыстырылды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы 1-ші және 2-ші санаттағы мүгедектер үшін арнайы мобильдік топтар жұмыс істейді. Қала кітапханаларында біздің пайдаланушыларымыз Қазақстан Республикасының электронды үкімет порталына кіріп, өздеріне ұсынылған қажетті қызметтері  туралы ақпараттарды және қызметтерді алуға мүмкіндіктері бар. 

Өңіріміздің мемлекеттік мекемелерінің барлығында тұрғындарға мемлекеттік қызметтер көрсететін жауапты мамандар қызмет етеді, олар тұрақты түрде осы салада біліктілігін көтеру курстарынан арнайы дайындықтан өтеді. Қаламыздағы халыққа қызмет көрсету орталығының №1 филиалынан басқа, азаматтар өздеріне қажетті мемлекеттік қызметтерді үйлерінде отырып ала алатын мүмкіндіктер жасалған. Ол үшін әр азаматтың электронды сандық қолтаңбасы (ЭСҚ), интернетке шығу мүмкіндігі немесе заманауи үлгідегі ұялы телефоны болса жеткілікті. Бұл бір жағына сіздің жолға, кезекке тұруға кететін уақытыңызды қысқартса, екінші жағынан отбасылық бюджетіңізді үнемдеуге де мүмкіндік береді. Сол сияқты кейбір қызметтер үшін төлемдерді де аталған жүйенің көмегімен үйде отырып жүзеге асыруға болады.

Осы мақсатта «Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ-нің мамандарымен тұрғындар арасында «Электронды үкімет» порталының мүмкіндіктері, тиімділігі мен артықшылықтары жөнінде түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Әртүрлі мемлекеттік қызметтер алуға әкім аппаратына өтініштер жасаған кезде тұрғындарға осы бағытта түсіндіріледі, қысқаша мазмұндағы парақшалар, кітапшалар таратылуда. Кент әкімі аппаратының қабылдау бөлмесінде тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді алуына қолайлы жағдайлар қалыптастыру бағытында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ашылған. ЭСҚ бар кент тұрғындары бұл жерде жауапты мамандардың көмегімен өзіне қажетті мемлекеттік қызметті ала алады. Қорыта айтқанда, бүгінде мемлекет тарапынан азаматтарға барлық жағдайлар жасалынып жатыр, ол үшін замана көшінен қалмай, бірге ілесе жүрсе болғаны.


Ақпарат "Шахтинский вестник" газеті редакциясымен берілген


Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 26°C , ылғал 33%, қысым 711, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 342.49
Euro 400.85
Рубль 5.51

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары