www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
22.11.2017
Қала әкімдігінде аппараттық кеңес өтті

2017 жылғы 21 қарашада  Шахтинск қаласының әкімдігінде қала әкімі С. Аймақовтың төрағалығымен аппараттық кеңес  өтті.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне дайындық жүргізу барысы туралы» мәселе бойынша қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Қ.К. Тілеубергенов баяндады.

Маңызды мемлекеттік мерекелік бағдарлама дәстүр бойынша әр түрлі іс-шараларға толы болады және мереке күндерінен ертерек басталады. Концерттер, «дөнгелек үстелдер», конференциялар, семинар-тренингтер, саяхаттар, көрмелер, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады, олар қала аумағында ғана емес, сонымен қатар кенттерде де өткізіледі. Баяндамашы мерекеге қатысуға барлық білім беру және мәдениет ұйымдарының, қаланың шығармашылық ұжымдарының, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, зиялы қауым өкілдерінің тартылғандығын атап өтті. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бірретік материалдық көмек беріледі. Мереке алдында қала әкімінің «Жастар» сыйлығын салтанатты түрде табыстау іс-шарасы, сондай-ақ, аймақ үшін маңызы зор бірқатар объектілердің ашылу салтанаты өтеді.

Баяндамашыны тыңдай келе, қала әкімі С.Аймақов барлық іс-шараларды жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуді, бұл ретте қаланы мерекелік безендіруді тапсырды.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Ибраева Шахтинск аймағының мемлекеттік мекемелерінде Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы жүргізген тексерістің қорытындысын жариялады және  «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру жөніндегі әдістемелік көмектің нәтижесін баяндады.

Жалпы алғанда тексеріс Шахтинск аймағының ұйымдарында бұл саладағы саладағы жұмыс тиісті деңгейде екендігін көрсетті. Алайда, кейбір кемшіліктер де орын алған, оның ішінде ҚазТЕСТ жүйесі бойынша тестілеумен қамтудың аздығы, мемлекеттік тілдегі бұйрықтарда, іскерлік хаттарда, ұсынылатын ақпараттарда стилистикалық, грамматикалық және техникалық қателіктердің орын алуы. Мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарына жүргізілген мониторингке сәйкес ең төмен пайыз қалалық құрылыс бөлімінде – 54%.

Аймақ басшысы мемлекеттік тілді дамыту мәселесі маңызды басымдылықтардың бірі болып табылатындығын атап өтті және  бірқатар тапсырмалар берді, бірқатар тапсырмалар берді, оның ішінде мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі жұмысты қарқындатуды тапсырды.  

 

 Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 26°C , ылғал 33%, қысым 711, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 342.49
Euro 400.85
Рубль 5.51

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары