Жақында біздің қаламызда сатып алушыларға жаңа «Наргиза» шағын маркеті өзінің есігін қонақжайлықпен айқара ашты. Бұл барлық қала тұрғындары үшін, әсіресе бірінші квартал тұрғындары үшін жақсы жаңалық. Бірінші кварталдың тұрғындары мұны бұрыннан армандап келе жатыр және қала әкімінің есеп беру кездесулерінде бірнеше рет осы мәселені көтерген болатын.
Жаңа шағын маркет тұрғындарға көптеген тауарлар түрін ұсынады. Енді тұрғындар алғашқы қажеттіліктегі тауарларды – нан және тоқаш өнімдерін, сүт өнімдерін, шұжықтарды, дәнді-дақылдарды және көптеген азық – түлік және азық-түлік емес өнімдерін бір жерден сатып ала алады.
Шағын маркет жеке кәсіпкер Ерік Әбішевтің жеке қаражатына салынған, оның болашаққа деген жоспары зор, оның бірі – ғимараттың екінші қабатында мейрамхана ашу арманы бар.
Парковая көшесі, 20 мекенжайында орналасқан жаңа дүкеннің есігі күн сайын, үзіліссіз және демалыссыз таңертеңгі сағ. 9.00-ден 21.00-ге дейін ашық. Жаңадан ашылған дүкенге табысы мол болсын және сатып алушылардың алғысына кенелсін деп тілейміз!
Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз хатшысы