www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
10.11.2017
Біліктілік санаттарын беру тәртібі

 

Біліктілік санаттарын беру тәртібі

 

«Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ хабарлайды. Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» бұрығына сәйкес, «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы, спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келесі өзгерістер енгізілді:

9-1-тармақтың 2) тармақшасы «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9675 болып тіркелген) «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының және (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9902 болып тіркелген) «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің бұйрықтарында белгіленген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының немесе мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің сәйкес келмеуі»;

11-тармақтың екінші бөлігі «Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, Астананың жергiлiктi атқарушы органның (әкімдігінің) кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі»;

Төртінші бөлігі «Мемлекеттік корпорацияның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым мемлекеттік корпорация филиалы, бөлімі басшысының атына www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы беріледі»;

13-тармақ «Тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуді бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша жүгіну арқылы көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шыға отырып, мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді»;

16-тармақ көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ, бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

17-тармақ «Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы не бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады».

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінен, Шахтинск қаласы әкімдігінің www.shahtinsk.gov.kz ресми интернет-ресурсының «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімінен және Шахтинск қ., Калинина көш., 17 үй мекенжайы бойынша немесе 8/72156/44104 телефоны арқылы алуыңызға болады.

Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі

 


Ақпарат "Шахтинский вестник" газеті редакциясымен берілген


Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 0°C , ылғал 44%, қысым 728, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 331.00
Euro 390.32
Рубль 5.59

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары