www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
10.11.2017
Электронды талап арыз

 

Электронды талап арыз

 

Қазіргі кезде «электронды үкімет» арқылы салық түрлері мен айыппұлдарды төлеп, анықтамалар алып, некеге тұру үшін өтініш беруге болады.

Осындай онлайн тәртібінде сотқа да талап арыз бере аласыз. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңбасы бар және электронды үкімет порталында тіркелген Қазақстан Республикасының барлық резиденттері порталдың көмегімен талап арыз бере алады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Электрондық қызметтер» бөліміне кіріп, арнайы үлгіні толтыру қажет. Жауапкердің тіркелген немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша аудандық сотты таңдап, арыз мазмұнын, істің дәрежесін және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 535-бабына сәйкес, бекітілген мемлекеттік баж салығының көлемін көрсету керек.

Талап арыз беру үдерісі барысында қолданушы Салық кодексіне сәйкес, мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылған істер мен талап арыз берушілердің дәрежесімен таныса алады. Үлгіні толтырған соң, талапкер талап арызға өзінің ЭЦҚ қояды. Бұдан соң, талап-арыз сотқа жіберіледі.                                             
Электрондық нұсқада берілген талап арызды сот тіркеген соң бес жұмыс күні ішінде қарап, талапкердің «жеке кабинетіне» арыздың қабылданғаны немесе кейін қайтарылғаны туралы хабарлама жібереді. Арыз кейін қайтарылған жағдайда оның нақты себептері көрсетіледі. Ал талап арыз қабылданған жағдайда талапкер тіркелген азаматтық істің нөмірін алады. Сот қарауына алынған талап арыздың бұдан кейінгі дәрежесі туралы Қазақстан Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесінен (http://eaias.sup¬court.kz) білуге болады.

Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі


Ақпарат "Шахтинский вестник" газеті редакциясымен берілген


Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 0°C , ылғал 44%, қысым 728, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 331.00
Euro 390.32
Рубль 5.59

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары