www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
09.11.2017
Ең басты міндет – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

9 қарашада «Қыс-2017» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар шеңберінде шұғыл әрекет ету отрядының байқауы өтті. Оның құрамында 18 бірлік техника және 49 адам. Құтқарушылар және өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері, медициналық қызметкерлер, сондай-ақ, инженерлік құрылымдар мен аймақтың коммуналдық кәсіпорындарының құрылымдары Шахтинск технологиялық колледжі аумағында сапқа тұрды. Шұғыл әрекет ету отряды дайындығының деңгейін қала әкімі С.Аймақов бағалады. Ол отрядтың дайындығымен танысты, құрылымның жеке құрамының жабдықталуына, жабдықтармен қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударды және ең басты міндет – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екендігін атап өтті.

Биылғы жылы  «Қыс-2017» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар 9-10 қарашада өтіп жатыр. Оқу-жаттығудың басты мақсаты – қысқы кезеңде болатын төтенше жағдайларды алдын-алу және жою іс-қимылдарына азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерінің дайыдығын  тексеру.

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 25°C , ылғал 61%, қысым 708, жел 6 м/с

Валюта бағамдары

USD 343.45
Euro 399.57
Рубль 5.52

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары