www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
06.11.2017
Шахтинск қаласында «Ауыл береке - 2017» ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу біздің қаламыздың жақсы дәстүрге айналды. Өткен сенбіде орталық алаңда Абай, Нұра аудандарының ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілері өз өнімдерін сатты. Ниет білдіргендер ет, сүт, балық өнімдерін, жұмыртқа, жеміс – жидектер мен көкеністерді төмендетілген бағамен сатып алуға мүмкіндік алды. Әдеттегідей жәрмеңкеге көп тұрғындар мен қала қонақтары жиналды. Қарт адамдарға көмек ретінде Жастардың ресурстық орталығының волонтерлері жұмыс істеді, олар қарттардың сатып алған тауарларын көлікке дейін немесе үйіне дейін жеткізуге көмектесті.

Бауырсақ фестивалі және қала әртістері мен шығармашылық ұйымдарының қатысуымен өткен концерттік бағдарлама жәрмеңкеге келушілерге жақсы көңіл – күй сыйлады.

Өткізілген жәрмеңке қорытындысы бойынша шамамен жалпы сомасы 13 млн. тенгені  құраған 6 тоннадан астам ет өнімі, 35 тонна картоп пен көкөніс өнімдері, 2 тоннаға жуық сүт және басқа өнімдері сатылды. Барлық өнімдердің бағасы нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен болды.

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 24°C , ылғал 44%, қысым 702, жел 9 м/с

Валюта бағамдары

USD 327.42
Euro 383.51
Рубль 5.29

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары