www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
06.11.2017
Латын әліпбиі – уақыт талабы

Қазіргі кезде біздің қоғамымызда мемлекеттік тіл әліпбиін  латын әліпбиіне көшіру туралы мәселе кеңінен талқыланып жатыр. Өткен жұмада бұл мәселе облыстық ақпараттық – насихаттау тобының қала тұрғындарымен кездесуі шеңберінде өткен салмақты, маңызды және өзекті сұхбаттың тақырыбы болды.

Кездесуді қала әкімінің м.а. Л.Буравко ашты, ол талқыланып отырған мәселенің қаншалықты маңызды екенін атап өтті және сөз кезегін спикерлерге: Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ доценті, ҚР білім беру саласының үздігі - Ж. Қағазбаевқа, ҚарМТУ тарих кафедрасының аға ұстазы, педагогика ғылымдарының магистры, облыстық «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамының мүшесі – Н. Ошановқа берді. Кездесу өткізу барысында латын әліпбиіне көшудің негізгі бағыттары мен оған кезеңмен көшудің артықшылығы атап айтылды.

Ж.Қағазбаев латын әліпбиіне көшу идеясы біздің мемлекетіміз үшін жаңашылдық емес екендігі туралы тарихи аспектіге тоқталып өтті. «Латын әліпбиіне көшудің терең тарихи логикасы бар. Сондай-ақ, бұл заманауи технологиялық ортаның ерекшеліктері, және заманауи әлемдегі коммуникациялардың ерекшеліктері, және XXI ғасырдағы ғылым – білім үрдісінің ерекшелігі», - деген Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы сөздерін айтты. Ол латын әліпбиі қазақ тілін байыта түсетініне, оның болмысы мен ерекшелігін сақтап қалатындығына сенімді. Оның үстіне әліпбиді ауыстыру кириллицаны латын әріптеріне ауыстыра салу деген сөз емес. Қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілетін болады. Қазақ тіліне тән дыбыстарды диграфқа көшіруге келетін болсақ, бұл халықаралық стандарттар.

Н.Ошанов алдымыздағы өзгерістер болашақта қазақ тілінің дамуына зор ықпалын тигізетіндігіне, оның әлеуетін толық ашатындығына тоқталып өтті.

Іс-шара соңында кездесуге қатысушылар  жаңа әліпбиге қатысты өздерінің пікірлерімен алмасты, өз қолдауларын және қазақ тілін латын жазуына көшіру идеясына оң көзқарастарын білдірді.

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 0°C , ылғал 44%, қысым 728, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 331.00
Euro 390.32
Рубль 5.59

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары