www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
03.11.2017
Парасыз болашаққа қадам басайық

 

Қазіргі таңда мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықпен күресу жұмыстарының жалғасып жатқанына жиырма жылға жуықтады. Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстанды дамыған елу елдің қатарына қосу туралы халыққа жариялаған стратегиялық Жолдауында жемқорлықты жоюды және онымен тынымсыз күресуге бағытталған кешенді бағдарлама қабылдауды айтқан болатын. Сонымен қатар, Қазақстан ТМД елдерінің қатарында алғаш болып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады. Расында да, сыбайластық ұлтымыздың қауіпсіздігіне, қоғамның тұрақтылығына аса қатер төндіретін кеселге айналды. Қайда мол ақша көп болса, сол жерге тамырын терең жайып, еліміздің болашағы болатын жастардың санасын улап, сенімсіздік пен жек көрушілік түсініктерін қалыптастыруда.

Мемлекетіміздің бірінші кезектегі міндетіне айналған жемқорлыққа қарсы күрес бойынша биылдан пилоттық жоба жүзеге асырылып, еліміздің барлық өңірінде жергілікті әкімдіктерде мемлекеттік қызметшілерден, құқық қорғау органдарынан, саяси партия өкілдерінен құралған мобильдік топтар жұмыс істей бастағанына біраз болды. Тұрғындарға, еңбек ұжымдарына аталмыш топ тарапынан сыбайластыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған тосқауыл қою мақсатында кездесулер жиі өткізіліп, насихат шаралары ұйымдастырылуда. Осындай қызмет көрсететін топ Шахтинск қалалық әкімдікте де құрылып, жуырда мобильді топ Шахан кентінің әкімдігінде болып, мемлекеттік қызметшілер арасында кездесу жиын өткізілді.

Бұл жиын қала әкімі орынбасары, мобильді топ төрағасы Қайыржан Тлеубергеновтың басшылығында «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұраны аясында өткізіліп, кент әкімі Ғалым Өмірбеков, кенттегі мемлекеттік қызметшілер қатысты. Топ төрағасы Қайыржан Кәрімұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізетін мобильді топтың қызметі жайында айтып, топ мүшелерін таныстырды. Оның құрамында қала әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық істер және ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, қоғамдық кеңестің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары бар.

Топ төрағасы мемлекеттік қызметшілерге Заң талаптарын, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамға қандай жаза тағайындалатынын түсіндіріп өтті. Заң бойынша пара алған адам да, пара берген адам да қылмыскер саналып, жауапкершілікке тартылады екен. Егер сіз біреуге 4538 теңгеге дейін сыйлық жасайтын болсаңыз, ҚР ҚӘК белгілі баптарына сәйкес, жазаға тартылып, 453 800 теңге көлемінде айыппұл төлейсіз. Ал, жоғарыда көрсетілген сомадан асатын сыйлық берсеңіз, онда параның 20 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл төлеп, мүлкіңіз тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығыңыздан айырыласыз. Сондықтан осыны естен шығармаңыз. Қысқасы пара беруден аулық болғаныңыз абзал.

Жалпы елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресуді, оның алдын-алуды Мемлекет басшысының қабылданған бес институционалдық реформаны қамтитын «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарының 13-ші қадамында анық айтылғандығы және нақты тапсырмалар берілгендігі тілге тиек етілді. Мобильді топ мүшесі, қала әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық істер жөніндегі бөлімінің басшысы Асия Майдина баяндама жасап, сыбайлас жемқорлықты болдырмауда мемлекеттік қызметшілердің алдына қойылған талаптар мен міндеттер жайында ақпарат берілді.Сондай-ақ, сыбайластыққа қарсы күресуде қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Дюсекеев те өзінің тұщымды пікірін ортаға салып, қоғамдық кеңестің халықпен тығыз байланыста қызмет көрсетіп келетінін білдірді. 

Кездесу жиын барысында мемлекеттік қызметшілер тарапынан мобильді топ мүшелеріне сауалдар жолдап, толыққанды жауап берілді. Мәжілісті қорытындылаған қала әкімінің орынбасары сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуда «парасыз болашаққа бірге қадам басайық» деген ойын  паш етіп, сыбайлас жемқорлық фактілерін байқаған жағдайда 1424 нөміріне жедел қоңырау шалып, «Gall centre» ҚР Ұлттық бюросына хабар беруді ескертті.


Ақпарат "Шахтинский вестник" газеті редакциясымен берілген


Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 0°C , ылғал 44%, қысым 728, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 331.00
Euro 390.32
Рубль 5.59

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары