www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
26.10.2017
Ерекше алғысын білдірді

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының Шахтинск қалалық филиалының ағымдағы жылдың 9 айындағы қызметін оның директоры Ж. Ибраев Шахтинск аймағының кәсіпкерлерімен өткен есеп беру кездесуінде қорытындылады. Кездесу қала әкімінің м.а. Л.Буравконың, Қарағанды облысы өнерлік Кәсіпкерлер палатасының директоры Е.Кульпеисовтың, «Шахтинск аймағының кәсіпкерлер қауымдастығы» ҚБ төрағасы С.Ибкеевтің қатысуымен өтті.  

Іс-шараны Е.Кульпеисов ашты, ол кездесуге келген барлық адамдармен адандасып, мұндай есеп беру кездесулер облыстың әр аймағында жұмысты қорытындылау, атқарылған жұмысты бағалау,  түйінді мәселелерді анықтау үшін ғана емес, сонымен қатар, Палатаның негізгі жұмыс бағытын айқындау үшін де өткізілетіндігін атап өтті. Қала әкімінің м.а. Л.Буравко Кәсіпкерлер палатасының қалалық филиалының қызметіне оң баға берді және оның басты аспектілерінің бірі – кейбір заңнамаларды кәсіпкерлер пайдасына қарай өзгертуге ықпал ету екенін атап айтты.

Өз баяндамасында Ж.Ибраев құрылған кезден, 2015 жылғы наурыздан бастап «Бизнес кеңесші», «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» оқу бағдарламалары шеңберінде «Бизнес-өсім» жобасы бойынша 241 адам оқытылғаны уралы баяндады. Бүгінгі таңда «2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту өнімділігі және жаппай кәсіпкерлік» бағдарламасы бойынша «кәсіпкерлік негіздеріне» оқытуға 49 тапсырыс келіп түсті.

Филиал өз қызметін жүргізу барысында Шахтинск қаласында мемлекеттің қолдауымен 1 млрд. 18 млн. тенге сомаға 50 жобаны іске асырған, оның ішінде ағымдағы жылда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шеңберінде 32 млн. тенге сомаға 4 жоба іске асырылған, өз қаражаты есебінен 656,6 млн. тенге сомаға 8 жоба іске асырылған. 2 млрд. 561 млн. тенге сомаға 79 жоба іске асыру сатысында.

Баяндамашы шешілген заң мәселелеріне де тоқталып өтті, оның ішінде лицензиялық жинақ мөлшерін 100 АЕК-тен 70 АЕК-ке төмендетілгендігін, Шахтинск аймағының кенттері үшін жер салығының 10 есе төмендетілгендігін және тағы басқа мәселелерді атап өтті.

Сонымен қатар, түйінді мәселелер де тілге тиек болды: «Гранттық қаржыландыру» бойынша шағын және орта бизнесті қолдануға жергілікті бюджеттен қаражат бөлу мәселесі, жер учаскелеріне аукциондардың жоқтығы, кепілдік мүліктік қамсыздандыруға берілетін мүлік жарамдылығының төмендігі, кепілдікке берілетін мүліктің Банктің кепілдік саясатына сәйкес еместігі туралы мәселелер шешімін таппай отыр.

Кәсіпкерлер палатасының қалалық филиалының қызметіне Қарағанды облысының кәсіпкерлер өңірлік кеңесінің мүшесі С. Ибкеев те оң баға берді, әйелдер мен жастарды қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, кездесуде Шахтинск қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А. Орынбеков ҚР Салық Кодексіндегі өзгертулерге тоқтап өтті және кәсіпкерлерге жасырын алкоголь өнімін анықтау мүмкіндігі бар Wipon атаулы қосымшаны қалай пайдалану керектігін түсіндірді.  Кездесуге қатысушыларда аталмыш қосымшаны пайдалану мәселесі бойынша көптеген сұрақтар туындады, сол себептен кездесуге қатысушылар жақын арада осы мәселе бойынша семинар өткізу туралы бір шешімге келді.

Бұдан әрі еркін әңгіме құруға көшті, кәсіпкерлер өздерін толғандыратын сауалдарды қойды, оның ішінде ең маңызды мәселе ол тұрғын үй – коммуналдық қызметтердің  тарифтік саясаты мәселесі болды. Келіп түскен сауалдардың барлығына қала әкімінің м.а. Л.Буравко, Қарағанды облысы өнерлік Кәсіпкерлер Палатасының директоры Е.Кульпеисов, кент әкімдері жауап берді.  

Кездесу соңында кәсіпкерлер Кәсіпкерлер палатасының қалалық филиалына атқарылған жұмыстар мен қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 0°C , ылғал 44%, қысым 728, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 331.00
Euro 390.32
Рубль 5.59

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары