www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
04.09.2017
Мәңгілік есте!

 

Өткен сенбіде біздің аймағымыздың тұрғындары «Қазақстан» шахтасында қаза болған үш кеншіні -  Валерий Руденконы, Рустам Ахметжановты,  Максим Шебановты соңғы сапарға шығарып салды.  Олармен қоштасуға жүздеген адамдар келді. Жерлеу шарасына Қарағанды облысының әкімі Е.Қошанов, қала әкімі С.Аймақов, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ көмір департаментінің басшылығы, шахта директорлары, қаза болған кеншілердің туған - туыстары, достары, әріптестері және аймақ тұрғындары қатысты.

«Қазақстан» шахтасындағы апат 31 тамыздың таңында орын алды. Шахта басшылығының мәліметтері бойынша апаттың себебі газдинамикалық құбылыс болған, нәтижесінде метан шығыны орын алған.

Шахтинск қаласының әкімдігі қаза болған кеншілердің отбасына, туған – туыстарына және жақындарына қайғыра көңіл айтады. Жатқан жерлері жайлы болсын!  

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлтты 6°C , ылғал 47%, қысым 719, жел 7 м/с

Валюта бағамдары

USD 340.11
Euro 407.93
Рубль 5.91

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары