www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
31.08.2017
Біздің қала Конституция Күнін мерекесін өткізді

30 тамыз Конституция күні – біздің республикамыздың ең басты мерекесі аталып өтіледі.

Аталмыш мереке қарсаңында, 29 тамызда кеншілер мәдениет Сарайында Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындаумен басталды. Бірінші болып жиналған қауымды қала әкімі С. Аймақов құттықтады.

«Сіздерді мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын – деп бастады өзінің құттықтау сөзін аймақ басшысы - Конституция, егемендігіміздің кепілі іспеттес, біздің бірлігімізді нығайтты, тұрақтылық пен келісімнің тұтқасы, жасампаздық пен үлкен істердің және қазіргі жетістіктеріміздің бастауының қайнар көзі  болды»-деді ол.

Қалалық мәслихат сессиясының шешімімен «Шахттинск қаласының құрметті азаматы» атағына ие болған үш Ұлы Отан соғысының ардагері -  Аюханова Надежда Калашвильевна, Передерей Петр Константинович, Хохленков Иван Ивановичке қала әкімі салтанатты түрде «Шахтинск қаласының құрметті азаматының» куәлігін табыс етті, аталмыш іс-шараға тек Надежда Калашвильевна ғана келіп қатыса алды, екі ардагер денсаулығына байланысты салтантты жиынға келе алмады. Петр Константинович пен Иван Ивановичке аймақ басшысы куәліктерді үйлеріне барып өз қолымен табыс етті.

Сондай-ақ, ҚР Президентінің Жарлығымен «Күміс алқа» алқасымен алты баланы дүниеге әкеліп, оларға тәбие берген көп балалы ана Ж.Бурібаева марапатталды. Қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны үшін, жаңа қазақстандық қоғам құру ісіне қосқан жеке еңбегі мен  шығармашылық үлесі үшін, Конституция күнін мерекелеуге байланысты қала әкімінің Құрмет грамотасымен аймағымыздың ерекше көзге түскен 11 тұрғыны марапатталды.

Осы күні кеншілер еңбегінің ардагері, ақын, жазушы, облыстық жазушылар кеңесінің мүшесі Н.Дрокин өзінің 80-жылдығын атап өтті, осынау мерей тойды атап өтуге байланысты С. Аймақов Николай Николаевичке қазақтың бөркін кигізіп, иығына қазақтың шапанын жауып,  гүл шоқтарын табыс етіп құттықтады.   

Марапаттау рәсімінен кейін қала әртістері мен шығармашылық  ұжымдардың ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті.

Мерекелік іс-шаралар 30 тамызда да өз жалғасын тапты, орталық алаңында «Ата Заң – елдің басты заңы» атты концерт ұйымдастырылды, қалалық стадионда 2006-2009 жылы туған балалар арасында көңілді старт ұйымдастырылды, ал  Тәуелсіздік скверінде шағын футболдан  жолдастық кездесу өтті.  

Біздің аймақтың барлық кенттерінде мерекелік және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылған болатын. Конституция мерекесіне арналған мерекелік күн қонақтарға және тұрғындарға сөзсіз жақсы көңіл күй сыйлады.

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 2°C , ылғал 36%, қысым 714, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 330.39
Euro 392.04
Рубль 5.65

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары