www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
28.08.2017
Әлеуметтік қызметкерлердің Бірінші қазақстандық Форумы Астана қаласында 2017 жылғы 22 қыркүйекте өтеді

Әлеуметтік қызметкерлердің Бірінші қазақстандық Форумы Астана қаласында 2017 жылғы 22 қыркүйекте өтеді

Форумның мақсаты халықты әлеуметтік қорғау саласында жинақталған тәжірибені қорыту және саланың басты бағыттарын анықтау, қазіргі заман қоғамында әлеуметтік қызметкерлердің үлесі мен рөлін арттыру және күшейту болып табылады. 

Іс-шараның ұйымдастырушысы – БҰҰ, БҰҰ Балалар Қорының даму бағдарламасы, көші-қон бойынша Халықаралық ұйымдары, ЕҚЫҰ, БҰҰ-әйелдері қолдауымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Форумға шамамен 500 қатысушы, оның ішінде Ұлыбритания, Сербия, Хорватия, Чехия, Ресей, Грузия мемлекеттерінің халықаралық сарапшылары шақырылады. Іс-шараларға Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және жергілікті атқарушы органдар, оқу орындары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.  

Тәжірибе-мамандары, ғалымдар, қоғамдық және саяси қайраткерлер аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік жұмыстың даму ерекшеліктерін және мүмкіндіктерін талқылайды, мүгедектерге, қарттарға, баспанасыз тұлғаларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбандарына кәсіптік көмек көрсетудің қазіргі заманғы технологиясына көңіл бөледі.    

Түрме саласында, денсаулық сақтауда әлеуметтік жұмыстың даму келешегін және тәжірибесін, әлеуметтік саясатты іске асыруда ведомствоаралық және бөлімаралық өзара әрекеттесудің жаңа тетіктерін және мүмкіндіктерін талқылау жоспарлануда.

Әлеуметтік қызметкерлердің Бірінші Форумының күн тәртібіне әлеуметтік жұмыстағы менеджмент, әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде коммерциялық емес ұйымдардың қатысуын кеңейту, еріктілікті және қайырымдылықты қолдау сияқты өзекті сұрақтар енгізілді.

Форум аясында «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» 5-ші мерейтой Республикалық Көрмесі және «Әлеуметтік аударымдар – жұмысбасты халыққа сайма-сайлық әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету» семинары өткізіледі.

Форум Қазақстан тұрғындарына көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын және қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік саланың одан арғы инновациялық дамуы мақсатында тиімді шешімдер, әлеуметтік жұмысты жаңғыртудың бағыттарын және жаңа идеяларын іздеу, жаңа байланыстарды орнату орны болады.  

Форумның материалдарымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz ресми сайтында http://www.kswf.kz/ сілтемесі бойынша өту арқылы танысуға болады.

  



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 2°C , ылғал 36%, қысым 714, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 330.39
Euro 392.04
Рубль 5.65

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары