www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
25.08.2017
Тұрақты бақылауда

Өткен бейсенбіде жергілікті әкімдікте жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кезекті кездесу өтті. Кездесуге Шахтинск қаласының әкімі С. Аймақов, қалалық емхана директоры А.Әбілбеков, мемлекеттік орган өкілдері, сондай-ақ, кент тұрғындары қатысты.        

Кездесу барысында қала әкімі С. Аймақов Восьмидомики кентінің электр желілерін коммуналдық меншікке тапсыру мәселесі жөніндегі ағымдық жағдай туралы баяндады. Қалалық емхана директоры А.Әбілбеков облыс әкімі Е. Қошановтың денсаулық саласына қатысты берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады: дәрі-дәрмекпен жеңілдікпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді, дәрігерлердің қабылдау кестесі қатаңдатылды, кент лабораториясының жұмыс кестесі ұзартылды, қазір ол таңертенгі 8.00-ден кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейтін болады, Шахтинск қаласының емханасының жанындағы аялдамада тоқтайтындай етіп Шахтинск-Шахан бағытындағы №227 авбобустың бағыты өзгертілді,  арнайы мамандардың қабылдауы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда біздің аймақта арнайы мамандардың жетіспеушілігі бар еендігін атап өту керек, бұл ретте бұл мәселені қаланың денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып, жас кадрларға қызметтік баспана беру және білікті мамандарға әлеуметтік көмек көрсету жолымен кадрларды тарту жолымен шешіп жатыр.

Қала әкімі мен кент әкімі өзге де сұрақтардың барлығына  тиісті жауаптар мен түсініктемелер берді, сұрақтардың жартысы бұдан әрі шешу үшін бақылауға алынды.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз хатшысы



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 12°C , ылғал 67%, қысым 715, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 340.35
Euro 405.46
Рубль 5.87

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары