www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
23.06.2017
Құрметті мұсылман қауым

 

Құрметті мұсылман қауым!

 

     Иман бұлағынан сусындай бастаған халқымыз мүбәрәк Рамазанында Алланың рақымына бөленуді үміт етіп, сауабы мол ізгі амалдарды ниеттеніп атқарған мұсылмандардың ұлық мерекесі – Рамазан айымен құттықтаймын! 

     Қасиетті Құранда айтылған Рамазан айының ерекшелігі, бұл мезгілде жасалған кез келген игі істің, Жаратушыға жақындататын жақсы амалдың сауабын санау мүмкін еместігінде. 

     Рамазан – рухани жаңару айы. Ал Алланың адам баласына берген шексіз нығметі, теңдессіз сыйы саналған ораза – тікенді жерге табан тигізбей, сақтанып жүретініміз секілді, күнәға бетпе-бет келуден сақтайтын, жан-дүниемізді, мінез-құлқымызды жақсылыққа тәрбиелейтін, рухани түлеп шығатын құлшылық. Ауыз бекітудің адам өмірін ізгілікке бастайтынын білген пенде одан бас тартуы мүмкін емес.

     Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!

     Баршаларыңыздың отбасыларыңызға бақыт, шапағат, тыныштық, табыс тілеймін.

     Әр бастаған істеріңізге Алланың нұры жаусын!

 

     С.Аймақов, Шахтинск қаласының әкімі

     Ж.Мамерханова, Шахтинск қаласы мәслихатының хатшысы


Ақпарат "Шахтинский вестник" газеті редакциясымен берілген


Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ала бұлтты 25°C , ылғал 36%, қысым 713, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 326.74
Euro 382.81
Рубль 5.50

Дауыс беру

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2017 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2017 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары