www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
13.03.2019
Қала әкімдігінде аппараттық кеңес өтті

 

12 наурызда қала әкімдігінде қала әкімінің м.а. Н.Мәжитовтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес  өтті.  

«Наурыз мейрамы» мерекесіне дайындық жүргізу және оны мерекелеу туралы» мәселе бойынша қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары К.Тлеубергенов баяндады.

Мерекелік бағдарлама дәстүр бойынша әр түрлі іс-шараларға толы боладыі және мереке күнінен әлдеқайда ертерек басталады. Қала аумағында ғана емес, сонымен қатар кенттерде де концерттер, байқаулар, ойындар, саяхаттар, көрмелер, спорттық іс-шаралар, қайырымдылық акциялары, аз қамтылған азаматтар мен жалғызбасты зейнеткерлерге мерекелік астар және қайырымдылық концерттік бағдарламалары ұйымдастырылады.  Барлық басты мерекелік іс-шаралар қаланың орталық алаңында 22 наурызда өткізіледі, алаңда көпбалалы аналарға арналған  киіз үйлер орнатылады. Баяндамашы мерекеге қатысуға барлық білім беру және мәдениет ұйымдарының, қаланың шығармашылық ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың тартылғандығын атап өтті. Мерекелік сауда ұйымдастырылады, қаланың ірі сауда орындарында азық-түлік тауарларына жеңілдіктер жасалады. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін барлық  құқық қорғау органдары күшейтілген қызмет жүргізу нысанына көшіріледі.

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру қорытындысы туралы ақпаратты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Меллятова баяндады.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша Шахтинск өңірінде еңбектегі жарақаттан, жалпы аурудан және бала кезінен мүгедек атанған 2248 мүгедек бар. Баяндамашы мүгедектерді әлеуметтік оңалту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру барысына толықтай тоқталып өтті. 2018 жылы 130 мүгедекке   жеке көмекшінің қызметтері, 25 адамға ымдау тілі маманының қызметі берілген, 190 адам  міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілген.  Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бала кезінен бірінші топтағы кәмелеттік жасқа толған мүгедектерге күтім жасауды жүзеге асыратын тұлғаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеу шарасы қолданысқа енгізілді. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылардың саны 74 адамды құрады.

Бұдан кейін аппараттық кеңеске қатысушыларға «Бұл қалай болуы керек?» атты әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының қолжетімділігі туралы слайд материалдар ұсынылды.

Бүгінгі таңда  паспорттаудан өткен 54 объектінің 27-сі жартылай бейімделген. Жыл ішінде паспортталған объектілердің қалғанын бейімдеу жұмыстарын аяқтау қажет. 

Аппараттық кеңес соңында қала әкімінің м.а. Н. Мәжитов барлық мерекелік іс-шараларды жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуді тапсырды, мүгедектер өмірін жақсарту жөніндегі жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті және мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 6°C , ылғал 88%, қысым 721, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.17
Euro 429.11
Рубль 5.88

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары