www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
10.01.2019
Аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамы бекітілді

 

10 қаңтарда қалалық мәслихат депутаттары қалалық мәслихат депутаты А. Сатованың төрағалығымен өткен қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXIX сессиясында  аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының  жаңа құрамын бекітті. Сессия жұмысына қала әкімі С.Аймақов қатысты.

Қалалық мәслихат депутаты, қалалық мәслихаттың уақытша комиссиясының басшысы О. Файзулина аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларын қалыптастыру жөніндегі ақпаратпен сөз сөйледі. Аумақтық, учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің саны 257 адамды құрайды. Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды. Ұсынылған кандидаттардың барлығының кәсіби білімі бар, аймақтың қоғамдық және саяси өміріне белсенді қатысып жүрген,сайлау комиссияларында көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар адамдар.

Бұдан әрі депутаттар әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына енгізілетін өзгерістерді бекітті.

Сессия соңында қала әкімі С. Аймақов қорытынды сөз сөйледі, ол аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының қажырлы еңбегіне алғыс білдірді, ал қайта сайланғандарға алдағы жұмыста табыс тіледі.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 1°C , ылғал 88%, қысым 714, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.66
Euro 431.56
Рубль 5.70

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары