www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
10.01.2019
Қала әкімдігінде аппараттық кеңес өтті

 

 9 қаңтарда қалалық әкімдікте қала әкімі С. Аймақовтың төрағалығымен биылғы жылғы бірінші аппараттық кеңес  өтті.

2018 жылы туберкулез инфекциясының таралуын тежеу туралы ақпаратты қалалық емхана директорының орынбасары Д.Нұрмағанова баяндады. Есеп беру кезеңінде туберкулезге шалдығу бойынша 21 жағдайы анықталды, аурудың 31,9%-ға төмендегені байқалады. Сонымен қатар, осы аурудан 3 адамның өлу жағдайы тіркелді, олардың барлығы туберкулездің созылмалы түрімен ауырған.

Баяндамашы профилактикалық жұмыстар туралы айтып өтті. Туберкулезді дер кезінде анықтау мақсатында жыл сайынғы міндетті флюорографиялық тексерулер, жаңа туған нәрестелерді БЦЖ вакцинациялау және тағы басқа да іс-шаралар жүргізіледі. Бейнероликтер көрсету, брошюралар, буклеттер тарату, әңгімелер мен дәрістер өткізу арқылы профилактикалық жұмыстар үнемі жүргізіледі.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе облыс әкімінің орынбасары Ж. Әбішевтің кәмелетке толмаған оқушылар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын - алу бойынша атқарылған  жұмыстар туралы білім беру ұйымдарының директорларын тыңдау қажеттілігі туралы тапсырмасы бойынша қаралды. Осы мәселе бойынша Шахтинск технологиялық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Турсунованың және Шахан кентінің №2 жалпы білім беру мектебінің директоры З.Ахмедияның баяндамалары тыңдалды.

Баяндамашылардың ақпараты бойынша білім беру ұйымдарында дәрістер мен алдын алу сұхбаттар өткізу сипатында түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіледі, студенттер мен оқушыларды үйірме жұмыстарына, спорт секцияларына, колледж және мектеп ішілік іс-шараларға, қалалық және облыстық деңгейдегі іс-шараларға белсенді тарту жұмыстары жүргізіледі. Колледжде «Жігер» қоғамдық жастар қозғалысы жұмыс істейді, онда 7 клуб жұмыс істейді:олар пікірталас, зияткерлік, заманауи би, волонтерлер, жас кәсіпкер, «КТК», «Туризм» клубтары. Студенттердің өздері ашқан клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді.

Аппараттық кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі профилактикалық жұмысты күшейтуге және мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынас жасауға шақырды және учаскелік және мектеп инспекторларының жұмысын қатаң бақылауға алу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 1°C , ылғал 88%, қысым 714, жел 4 м/с

Валюта бағамдары

USD 378.66
Euro 431.56
Рубль 5.70

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары