www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
28.12.2018
Тұрақты бақылауда

 

28 желтоқсанда қала әкімі С. Аймақовтың төрағалығымен мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану жөніндегі қалалық комиссияның соңғы отырысы өтті.

Шахтинск аймағы кенттерінің әкімдері мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау бойынша есеп берді,сонымен қатар өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге басты назар аударылды. Кенттердің барлық білім беру, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерінде ақпараттық стендтер, сынып бұрыштары үнемі рәсімделіп, жаңартылып тұрады. Үнемі біздің мемлекетіміздің рәміздерін білуге арналған конкурстар өткізіледі. Тақырыптық дәрістер мен семинарлар, конференциялар, «дөңгелек үстелдер» өткізіледі.

Ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Нұрмағанова мемлекеттік рәміздер жөніндегі қалалық комиссияның Шахтинск аймағының мекемелері мен ұйымдарында өткізген тексерісінің қорытындысы туралы баяндады.

Жалпы алғанда тексеріс Шахтинск аймағының ұйымдарында мемлекеттік рәміздерді қолдану саласындағы жұмыс жоғары деңгейде жүргізілетіндігін көрсетті. Алайда кейбір кемшіліктер де орын алған. Баяндамашы сөзінің соңында мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану жөніндегі жұмыс басымды мәселелердің қатарында және үнемі бақылауда екенін атап өтті.

Сонымен қатар, мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану жөніндегі қалалық комиссияның 2019 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Отырыс қорытындысы бойынша қала әкімі С.Аймақов мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларына мемлекеттік рәміздердің заң талаптарына сәйкес болу мәселесін үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық 1°C , ылғал 76%, қысым 722, жел 5 м/с

Валюта бағамдары

USD 376.40
Euro 427.36
Рубль 5.86

Дауыс беру

Сізде электрондық цифрлық қолтаңба барма (ЭСҚ)?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2019 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары