www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
09.11.2018
Туберкулез және профилактикалық шаралары

 

Туберкулез және профилактикалық шаралары

 

Туберкулез – Мycobakterium (Кох таяқшасы) тегіндегі белгілі қоздырғыш-бактериялармен берілетін инфекциялық ауру. Көбінесе туберкулез дем алу жүйесінің органдарын зақымдайды, бірақ басқа да органдарды зақымдауы мүмкін – ішек, бүйрек және зәршығару жолдары, сүйек, тері, көз бен лимфатүйіндерді. Лимфатүйіндердің туберкулезы көбінесе балаларда жиі кездеседі.

          Туберкулездік инфекцияның бастауы ауруды жұқтырған адамдар. Инфекция қоздырғыштар себілген ауаны жұтқанда беріледі.

          Негізгі жолдары, ауру қалай беріледі:

Ауа-тамшылары – инфекцияның негізгі берілу жолы. Туберкулездің бациллярлық түріндегі (қоршаған ортаға қоздырғыштар бөлетін түрі) сырқат сөйлегенде, жөтелгенде немесе түшкіргенде қақырықтың, сілекейдің кішкене бөлшектері арқылы ауаға микробактериялар бөлінеді;

Қатынас-тұрмыстық- сырқат адамның ыдысын, жеке гигиена құралдарын, төсек жабдықтарын қолданғанда;

Алиментарлық (тамақтық) – ауруды жұқтырған малдардың өнімдерін қолданғанда;

Құрсақтық – сырқат анаданбалаға аяғы ауыр жүргенде немесетуу кезінде.

          Туберкулезді тасушылық жұқпалы емес, аурудың белгілері болмаса, адамда туберкулез инфекциясының болуы туберкулезбен сырқат деген сөз емес. Адамда белсенді туберкулез дамығанда, симптомдары (жөтел, дене қызуының көтерілуі, түнгі тершеңдік, салмағын жоғалту және басқа) жеңіл түрде бірнеше айларға созылуы мүмкін.

          Бірінші кезекте туберкулезді жұқтырып алу қауіпі отбасы мен өндірісте бірге қарым-қатынаста жүрген адамдарға төнеді. Сонымен қатар мына сырқаттары бар адамдарға: қант диабеті, ойықжаралар ауруы бар, өкпесінің созылмалы ауруы бар, маскүнем, есірткіқұмарлар.

          Туберкулездің таралуына жол ашатын жағдайлар өмірдің әлеуметтік-экономикалық деңгейінің төмендігі, бір жерге көп адамдардың топталуы, санитарлық мәдениет деңгейінің төмендігі.

          Туберкулезбен күрестегі жалғыз және жоғарытиімді  жол профилактикалық шаралар болып табылады. Арнайы медициналық профилактикалық шараларға туберкулезге қарсы иммунизация және профилактикалық медициналық тексерістер жатады.

          Ересектер мен 15-17 жастағы жасөспірімдер жылына бір реттік флюорографиялық тексерістерден өтуге жатады. Балаларды БЦЖ вакцинасымен жоспарлы түрде егу, туберкулездің ауыр түрлерінің дамуына жол бермеу үшін жасалады.  Бірінші екпені бала туғаннан кейінгі бірінші төрт күннің ішінде алады. БЦЖ-ны қайта егу Манту сынамасы теріс инфекция жұқтырмаған 6-7 жастағы (1 сынып) балаларға жасалады. Балалардың туберкулезін ерте анықтау мақсатында туберкулинмен теріішілік аллергиялық сынамасын (Манту сынамасы) қолданады. Жыл сайынғы туберкулинодиагностика  (Манту сынамасын қою) егілгендердің вакцнадан кейінгі иммунитеттері сақталуын анықтау үшін және туберкулез микобактерияларын жұқтыру фактілері анықтау үшін жасалады.

 

«Шахтинск қалалық қоғамдық денсаулық

сақтау басқармасы» РММ



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -6°C , ылғал 65%, қысым 731, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 369.01
Euro 416.39
Рубль 5.53

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары