www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
08.11.2018
Қала әкімі Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Щербаковты мерейтойымен құттықтады

 

7 қарашада қала әкімі С. Аймақов Қоғамдық кеңестің төрағасы, жеке кәсіпкер А.Щербаковты 70- жылдық мерей тойымен салтанатты түрде құттықтады.

«Сіздің өмір жолыңыз шын мәнінде құрметке ие. Сіз өз еңбегіңізбен  және дарыныңызбен біздің қаланы, елімізді дамытуға зор үлес қосқан нағыз патриоттардың «алтын қоры» болып табыласыз. Сізбен таныс болғаныма шын жүректен қуаныштымын және Сізді мейірімді, кішіпейіл, қайырымды азамат ретінде құрмет тұтамын. Осы атаулы күні Сізге шын жүректен зор денсаулық, бақыт, игілік және амандық тілеймін!» деп құттықтады туған күн иесісін аймақ басшысы.

Қала әкімімен бірге құттықтауға қалалық мәслихат хатшысы  Ж.Мамерханова, қала әкімі аппаратының басшысы Н.Циолковская келді, олар мерей той иесіне кәсіптілігі, белсенді өмірлік көз-қарасы және шексіз патриотизмі үшін алғыс айтты және зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Мерей той иесін жылы және жүректен шыққан лебіздерімен  құттықтағаннан кейін С.Аймақов Анатолий Васильевичке қала әкімінің Құрмет грамотасын, гүл шоқтары мен бағалы сыйлық табыс етті.

Өз кезегінде Анатолий Васильевич жылы лебіздер мен жақсы тілектер үшін алғыс білдіріп, баршаға жақсылық тіледі.

Щербаков Анатолий Васильевичтің барлық еңбек қызметі біздің қаламыздың құрылысымен байланысты. «Байтас XXI» ЖШС  жұмыс істеген уақытта оның басшылығымен көптеген әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандар мен тұрғын үй ғимараттары жөнделіп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Анатолий Васильевич көптеген Құрмет грамоталары мен алғыс хаттардың иегері. 2012 жылы «Қазақстанның Құрметті құрылысшысы»  атағы беріліп, естелік медаль табыс етілді. Жер сілкінісінен кейін Луговая станциясын қалпына келтіргені үшін Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2015-2016 жылдары «Сауда-өнеркәсіптік рейтинг» және «Ұлттық бизнес-рейтингтердің халықаралық рейтингтік одағы» ЖШС «Байтас XXI» ЖШС «Сала көшбасшысы» сертификатын, ал Анатолий Васильевичке басқару процесіне қосқан жеке үлесі, еңбек жетістіктері, кәсібилігі және өз ісіне адалдығы үшін «Жылдың үздік басшысы» атағы берілді. Ол қайырымдылық көмекпен белсенді түрде айналысады. Жоғары кәсібилік, өз жұмысына деген жауапкершілік әріптестерінің және жұмысшылардың арасындағы, сондай-ақ қала тұрғындарының арасындағы беделінің және құрметінің кепілі болып табылады.

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -6°C , ылғал 65%, қысым 731, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 369.01
Euro 416.39
Рубль 5.53

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары