www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
07.11.2018
Әкімдікте аппараттық кеңес өтті

 

Өткен сейсенбіде Шахтинск қаласының әкімдігінде қала әкімі С. Аймақовтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес  өтті.

Шахтинск аумағында жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты ұйымдстыру бойынша атқарылған жұмыс туралы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының м.а. И.Егоренко баяндады.

Шахтинск қаласы әкімдігінің қаулысы мен Шахтинск қаласы мәслихатының бірлескен шешімімен Новодолинский, Долинка, Шахан кенттерінің шекралары бекітілді. Сондай-ақ, Шахтинск қаласы мәслихатының шешімімен ауылшаруашылық мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкасын он еседен көп емес мөлшерде арттыру бекітілді.

Ағымдағы жылы  Шахтинск аймағының жерлерін түгендеу және тексеру жұмысы жалғасқан. Атқарылған жұмыс нәтижесінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің жалпы ауданы 11 га. азайды; өнеркәсіп аймағы жерлерін түгендеу арқылы  елді мекен жерлері 2630 га. ұлғайды; «ККК БЕТОН» ЖШС және «Ақжарық Көмір» ЖШС өнеркәсіп жерлерінде жер пайдаланушылар қатары ұлғайды; тау-кен өндіру аумағында бүлінген жерлерді қайта өңдеу жұмыстары жүргізілді (175,86 га). Орман және су қорының жерлерінде еш өзгеріс болған жоқ.

Бөлім жер қойнауын пайдалану бөлігінде ҚР жер заңнамасының бұзушылықтарын анықтау, пайдаланылмайтын жерлерді анықтау және оларды ауылшаруашылық айналымына қосу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы ақпаратты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Ибраева берді, ол мемлекеттік және ағылшын тіліне оқытумен қамтылғандар саны өсіп келе жатқандығын, ҚАЗТЕСТ жүйесімен жалпы қамту 522 адамды құрағанын атап өтті. Мемлекеттік тілді насихаттау, үштілділік, латын графикасына көшу мақсатында бөлім «Бастау» оқу – әдістемелік орталығымен бірлесіп үнемі әртүрлі байқаулар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер», фестивальдар өткізеді.

Бұдан әрі «Бастау» оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері қатысушыларды қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшірудің нормативтік-құқықтық базасымен таныстырып, жаңа әліпбиді қолдана отырып тренинг өткізді.

Аппараттық кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі ауылшаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді түгендеу және қайтару жұмыстарын жалғастыруды, сондай-ақ мемлекеттік тілді оқыту және латын әліпбиіне көшу жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -6°C , ылғал 65%, қысым 731, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 369.01
Euro 416.39
Рубль 5.53

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары