www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
06.11.2018
Депутаттар қала және кенттері бюджетіндегі өзгертулерді мақұлдады

 

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXVI сессиясының күн тәртібіне 2018-2020 жылдарға арналған бюджетке өзгертулер енгізу мәселесі шығарылды. Мәслихат сессиясына қала әкімі С.Аймақов қатысты.

Экономика және қаржы бөлімінің бастығы С.Таширова енгізілген өзгертулер туралы ақпаратты ұсынды. Бюджеттік балансты жасау және бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану мақсатында, бюджеттің кіріс бөлігін асыра орындау және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің қолдау хатының негізінде бюджет қайта бөлінді. Жылу беру маусымын үздіксіз өткізу үшін «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС, сондай-ақ білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қалалық білім беру бөлімі үшін отын сатып алуға қалалық ТКШ, ЖК, АЖ және ЖИ бөлімін қаржыландыру көлемі ұлғайтылды. Енгізілген өзгертулерді ескере отырып, ағымдағы жылдың қалалық бюджетінің  кіріс бөлігі 7 млрд тенгеден астам қаржыны құрады.

Бұдан әрі Шахтинск қаласының қала құрылысы кеңесі мен жер учаскелерін беру жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді.

Депутаттар қалалық бюджетке енгізілген өзгертулерді мақұлдағаннан кейін сөз қала әкімі С. Аймақовқа берілді, ол депутаттарға жүргізіліп жатқан жұмыстарға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -6°C , ылғал 65%, қысым 731, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 369.01
Euro 416.39
Рубль 5.53

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары