www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
05.11.2018
Шахтинск қаласында «Ауыл береке - 2018» ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу біздің қаламыздың жақсы дәстүріне  айналды. Өткен сенбіде коммуналдық павильон аумағында Абай, Нұра аудандарының және Шахтинск қаласының ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілері өз өнімдерін сатты. Ниет білдіргендер ет, сүт, балық өнімдерін, жұмыртқа, бал, жеміс – жидектер мен көкеністерді төмендетілген бағамен сатып алуға мүмкіндік алды. Әдеттегідей жәрмеңкеге көп тұрғындар мен қала қонақтары жиналды.

Жәрмеңкеге қала әкімі С. Аймақов та келді, ол сауда сөрелерін аралап, жәрмеңкеде сатылып жатқан тауарлар түрімен және оның бағаларымен танысты, іс-шараны ұйымдастыру сапасын қарап өтті.

Қымыз және бауырсақ фестивалі, қала әртістері мен шығармашылық ұйымдарының қатысуымен өткен концерттік бағдарлама жәрмеңкеге келушілерге жақсы көңіл – күй сыйлады.

Кәсіпкерлік  және ауылшаруашылығы бөлімінің ақпаратты бойынша, шамамен жалпы сомасы 15 млн тенгені  құраған 4,5 тонна ет өнімі, 47 тоннадан астам картоп пен көкөніс өнімдері, 5 тоннаға жуық сүт және басқа өнімдері, 9 мың дана жұмыртқа сатылды. Барлық өнімдердің бағасы нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен болды.

 

Шахтинск қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -6°C , ылғал 65%, қысым 731, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 369.01
Euro 416.39
Рубль 5.53

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары