www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
01.11.2018
Сүт безі обырының профилактикасы

 

Сүт безі обырының профилактикасы

 

Сүт безі аурулары –әйел адамдардың арасында ең көп таралған ауру болып табылады. Олар қатерсіз және қатерлі, яғни онкологиялық болады. Сүт безі ауруының себептері әйел ағзасындағы гормондық бұзушылықтар немесе емшектің жарақаттануы. Гормондар эндокриндік бездер  жұмысымен байланысты ұрпақ жаңғырту жүйесіндегі болып жатқан барлық үрдістерді басқарады. Ағзадағы теңдіктердің бұзылуы барлық жас мөлшерлерінде болуы мүмкін, әсіресе егер әйел адам гинекологиялық ауруларының профилактикасы мен емдеуіне көңіл бөлмесе, емшектерінің жағдайын бақылама  орын алады. Бұл өте қауіпті болып табылатын сүт бездері обырының кеш анықталуына  әкеліп соғады.

Емшек обырының пайда болуына әсер ететін факторлар.

Ағзадағы гормондық бұзушылықтар жағдайларын және сүт безі обыры пайда болуы қауіпін арттыратын факторлар бар. Олардың ішінде атап айтсақ:

  • ерте жыныстық жетілу,12 жасқа жетпей етеккірдің пайда болуы;
  • климакстың кеш болуы, 52 жастан кейін етеккірдің тоқтауы;
  • жатыр мен аналық бездерінің қабыну және инфекциялық аурулары;
  • табиғи биологиялық үрдістердің бұзылуы (жасанды түсіктер, жыныстық өмірдің ретті немесе мүлде болмауы, баланы өте ерте емшектен шығару немесе емшек беруден мүлдем бас тарту);
  • гормондық контрацепция, дәрілік гормондарды қабылдау;
  • гипофиз ісігі;
  • қалқансерік безінің, ұйқыбезінің, бүйрекүстібезінің аурулары;
  • емшектің қатерсіз ісіктері, сонымен қатар сүт бездеріне бұрын жасалған оталар (мысалы, емшек жылауығын немесе маститті алып тастау);
  • тұқымқуалаушылық (жақын туыстары сүт безі обырымен ауырған);
  • темекі шегу, есірткі қолдану, алкогольдік сусындарды үнемі ішу (сүт безі обырымен ауыру қауіпі 50пайызға артады);
  • өте күшті теріс эмоциялар, тұнжырау (депрессия);
  • түнгі ауысымда жұмыс істеу, табиғи биоритмнің бұзылуы.
  • тар ішкиім қан айналымының дұрыс жүруін шектейді, бездегі тіндердің ісуіне және өзгерістерге түсуіне әкелуі мүмкін. Бұл сүт безінің қатерлі ісігі қауіпін арттырады.

Сүт безінің обыры – әйелдердің онкологиялық ауруларының ең жиі кездесетін түрі. Егер ісікті ерте анықтаса, бұлардың көбіне көмектесуге болады. 1-ші және 2-ші кезеңдерде толық емделу мүмкіншілігі 75-95 пайызболса, 3-ші кезеңде ол 30-40 пайызды құрайды, ал 4-ші кезеңде емделуі мүмкін емес жағдайға түседі. Сондықтан да, диагностиканы ертерек жүргізуге жол ашатын профилактикалық шаралар, кейде әйелдің өмірін арашалап қалады.

Сүт безі обырының алғашқы профилактикалық шараларына қауіптілік факторларының мүмкіншіліктерін жою, емшектерді өздігінен тексеріп тұру және ағзаның қорғаныс күштерін қолдау жатады.

Қауіптілік факторларын жою – ұрпақ жаңғырту жүйесіндегі ағза ауруларын анықтау және емдеу үшін уақытылы дәрігерге қаралуы болып табылады. Сонымен қатар, әйел адам етеккір келу уақытының бұзылушылығының барлығына, жыныс мүшесінен шыққан біртүрлі сұйықтықтарға, ішінің астыңғы жағындағы және беліндегі ауырсынуларға   назар аударуы керек.

Басқа да жағымсыз факторларды болдырмауға тырысуы керек: жасанды түсіктер, дене салмағының артуы, темекі шегу мен алкоголь ішу, соққылар (стресстер). 2-3 баласы бар, оларды жас кезінде туған (30 жасқа дейін), сонымен қатар балаларын 6 айдан кем емес уақыт емшекпен тамақтандырған әйелдердің емшек обырымен ауырмауы өте ықтимал. Менопауза кезінде қынаптан ерекше түрдегі шығындылар пайда болуына аса назар аудару керек. Осы уақытта етеккір болуы мүмкін емес. Шығындылар патологияның белгісі болады, көп жағдайда – жатыр немесе аналық бездерінің обасы болы шығады. Осы кездері гормондармен емделуден бас тарту керек. әйел адамның дене бітіміне үлкен мән беріледі. спортпен белсенді түрде айналысу, емшек бұлшық еттерінің нығаюына, қан айналымының жақсаруына әсер етеді. Сонымен қатар, бұл иммунитеттің жоғары болуына өз әсерін тигізеді. Д дәруменін қабылдау инфекцияға ағзаның төтеп бере алушылығын күшейтеді.  Бұл дәрумен магний мен кальцийдің ағзаға қабылдануын жақсартуымен белгілі және оба тіндерінің дамуын тежейді.

Өздігінен тексеруді айына 1 рет етеккір басталуына 6-12 күн қалғанда, яғнициклдың бірінші жартысында жүргізу қажет. Өздігінен тексеру жатып және айнаның алдында тұрып жүргізіледі.

Профилактикалық диагностиканың маңызы

Обаны анықтаудың қиыншылығы, ол ерте кезеңдерде өзін көрсетпейді (ауырмайды). Үлкен мөлшердегі сүт бездерінде түйінді анықтау өте қиын. Сыртқы белгілер, үрпіден шығындылар ағуы, бездердің ісіну белгілері кейін ісік өскен кезде ғана білінеді. Сондықтан сүт бездерінің екіншідей профилактикасы  ерте диагностика жасауда.

Маммография, дуктография, УЗИ сияқты әдістер көмегімен түйіндерді, тіннің өсуін көруге болады.

Бірақ та дәрі-дәрмек немесе ота жасап емделгеннен кейін сырқат жылына 2 рет маммолог маманның қабылдауына келіп тұруы керек. Бұл аурудың қайталануының жаңа түйіндердің өсуінің алдын алу, қатерлі тіндердің пайда болуының профилактикасы үшін қажет.

35 жастан асқан әрбір әйел  ең құрығанда 2 жылда 1 рет маммографиядан өтуі керек, ал 50 жастан асқаннан кейін жылына бір рет өтіп тұруы абзал. Егер де осы ауруға тұқымкуалаушылық бейімділігі болса, онда профилактикалық мақсатта жылына 1 рет онколог дәрігерде тексеріліп тұру керек. профилактикалық тексеріс кезінде қанның құрамындағы әртүрлі гормондар анықталады. Егер мөлшерден ауытқулар анықталса, онда гормондық құрамның уақытылы өзгертулері жүргізіледі. Табиғаты белгісіз түйін анықталған жағдайларда немесе басқа да күдікті симптомдар анықталғанда,  қанның құрамындағы онкомаркерлердің (оба тіндері пайда болғанда ағзада пайда болатын заттар) болуына қан тексеріледі.

 Сүт бездерінде қандай да бір патологиялық өзгерістер анықталған жағдайдауақытты жоғалтуға, өздігінен емделуге, халықтық емдерді қолдануға болмайды. Бірінші ретте маммолог маманға бару керек, диагнозды анықтау керек, айтқанын істеу керек.

 

 «Шахтинск қалалық қоғамдық денсаулық

сақтау басқармасы» РММ

 



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -6°C , ылғал 65%, қысым 731, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 369.01
Euro 416.39
Рубль 5.53

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары