www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
01.11.2018
ЖРВИ мен тұмаудың профилактикасы

 

ЖРВИ мен тұмаудың профилактикасы

 

Тұмаудың үш түрі бар екенін ұмытпау керек: А, В, С.  Ең ауыр өтетін А тұмауы. Бұл вирус жоғары контагеоздық болғандықтан халықтың үлкен бөлігі ауырады. Жыл сайын тұмаудың вирусы тектік өзгерістерге ұшырап отырады (мутация). Тұмау вирусы адамнан адамға ауа-тамшы жолдарымен (жөтел, түшкіру) беріледі. Тұмаудың бірінші белгілері мен симптомдары аяқ астынан пайда болып, бірнеше сағат ішінде ағзаны толықтау жаулап алады, дене қызуы тез арада 40 градусқа дейін көтеріледі, бас пен бұлшық еттер ауырады, дене түгелдей ауырады, жарыққа қарай алмай қалады.

ЖРВИ – жіті респираторлық вирустық инфекция. Берілу жолы тұмауда сияқты ауа-тамшы жолдарымен.

ЖРВИ-дың бірінші белгілері мен симптомдар:

        Ауру біртіндеп тез шаршау, дене ыстығы 37,5 градусқа дейін көтерілу, мұрын бітелуі, соңынан қақырықты жөтелген айналатын құрғақ жөтелмен басталады. ЖРВИ-дың тұмаудан айырмашылығы ол жеңілдірек түрде өтеді.

Дәрігерлер респираторлық аурулардың бірінші белгілері білінген кезде-ақ өздігінен емделумен айналыспай, жедел түрде дәрігерге қаралу керектігін айтады.

        ЖРВИ мен тұмаудың профилактикасы:

ЖРВИ мен тұмау ауруларының өршіп тұрған кезінде профилактиканың спецификалық емес шараларын орындау қажет: бұл сырқат адамдармен қарым-қатынасты шектеу, ал үйде, жұмыста бірге болған жағдайларда бетперделер кию, бөлмелерді желдетіп, ылғалды жинау жұмыстарын жүргізіп тұру. Жеке гигиена талаптарын орындау (қолды жуу). Адамдар көп жиналатын жерлерде (кинотеатрлар, сауду үйлері және т.б.) болуды шектеу. Иммунитет көтеретін дәрумендер мен ақуызға бай тамақтарды (сарымсақ, пияз) ішіп, дұрыс тамақтану, құрамында С дәрумені бар итмұрын басқа да шөптердің қайнатылымдарын көптеп ішу. Тұрғындарды тұмаудан қорғаудың жалғыз спецификалық түрі вакцинация болып табылады. Қазақстан Республикасында 2018-2019 жылдары эпидемиялық мезгілде қолдануға тұмауға қарсы вакциналардың 5 түрі тіркеліп қолдануға нұсқаулық берілді: «Ваксиграм» мен «Ваксиграм Тетра» (Франция, «Инфлювак» (Нидерланды), Гриппол плюс (Ресей) және тұмауға қарсы вакцина (Қытай). Барлық вакциналардың құрамында тұмау вирусының штаммы бар.

Тұмауға қарсы вакциналар қауіпсіз және тұмаудың профилдактикасы және оның асқынушылықтары жағынан жоғары тиімді. БДСҰ мәліметі бойынша 2018-2019 жылдардағы алдымыздағы эпидмезгілде көрсетілген тұмаулық вакциналардың құрамына вирустың (А (Н1N1), А (Н3N2) және В) үш штаммы кіргізілген.

Халықтың тұмаулық инфекцияға жоғары қабылдағыштығын,тұмау вирусының өзгергіштігін ескере отырып, әр адамның өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығына алаңдаушылық таныта отырып, тұмауға қарсы иммундау жолымен қорғанысты қамтамасыз етуі қажет.

 

«Шахтинск қалалық қоғамдық денсаулық

сақтау басқармасы» РММ



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -6°C , ылғал 65%, қысым 731, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 369.01
Euro 416.39
Рубль 5.53

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары