www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
01.11.2018
Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ)

 

 

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ)

 

Бірыңғай жиынтық төлем 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін болады

Бірыңғай жиынтық төлем заңсыз жұмыспен қамтылғандарды және олардың қызметін заңдастыруын тіркеуді оңайлату үшін енгізіледі және төрт төлемді бір төлемге бірітктіреді.

 Заңсыз жұмыспен қамтылғандар үшін Бірыңғай жиынтық төлемнің енгізілуі оларға келесі мүмкіндіктерді береді:

- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысу және медициналық мекемені таңдау құқығымен соммалары мен түрлеріне шексіз медициналық қызметтерге қолжетімді болу;

- жинақтаушы зейнетақы қорына қатысуға және жүйеге қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алу;

- еңбек ету қабілетінен айырылған, жұмысынан айырылған, асыраушысынан айырылған, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған,  бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер алу .

 Қазіргі уақытта анықталған:

1) Астанада республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда Бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшері – 1 МРП 1 МРП (2019 жылы 2525 теңге), басқа елді мекендерде – 0,5 МРП (2019 жылы 1263 теңге);  

2) БЖТ енгізу мерзімі – 5 жыл

3) БЖТ үлестері:

- 10% - жеке табыс салығына (ЖТС);

- 20% - Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар;

- 30% - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы төлемдері;

- 40% - Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар.

 БЖТ төлемі бір төлеммен жүргізілетін болады, ол үшін салық органдарында тіркеу, есептен шығару, есептілікті ұсыну қажет етілмейді, төлеушілерге салық органдарынан тексеріс қолданылмайды. БЖТ төлемі зейнетақымен қамту, медициналық және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу және қызметті автоматты түрде тіркеуді білдіреді.

  Бірыңғай жиынтық төлемін кім төлейтін болады?

 БЖТ келесі шарттарды сақтау кезінде табыс алу мақсатымен қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қолданылады:

1) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін қолданбайды;

2) жеке тұлғалар үшін жұмыс жасайды, қызметтер көрсетеді;

3) жеке тұлғалардың тұтынуы үшін өзіндік қосалқы шарушалықты пайдаланудан ауылшаруашылық өнімін іске асырады.

 Бірыңғай жиынтық төлемін кім төлемейтін болады?

 1) сауда нысандарын қосқанда, жылжымайтын мүліктің коммерциялық нысандарының аумағында қызметтер көрсететін жеке тұлғалар;

2) тұрғын үйді қоспағанда мүлікті жалға (мүлікті жалдау) ұсынатын тұлғалар;

3) жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар;

4) оралмандарды қоспағанда азаматтығы жоқ тұлғалар және шетелдіктер;

5) ЖК ретінде мемлекеттік тіркеуі бар тұлғалар;

Бұл ретте, күнтізбелік жылға шекті табыс 100 МЗП аспауы керек: жылына 2 969,8 мың теңге, 2019 жылы айына 247,7 мың теңге.

 

Ақпарат Қазақстан Ресубликасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігінің деректері

бойынша дайындалды

 



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -6°C , ылғал 65%, қысым 731, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 369.01
Euro 416.39
Рубль 5.53

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары