www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
30.10.2018
Инсульттың профилактикасы

 

                                            Инсульттың профилактикасы

 

29 қазанда Бүкіләлемдік инсультпен күрес күні аталып өтеді. Бұл аурудан стресстер мен артық жүктемелерден зардап шегіп жүрген мегаполис тұрғындарының көбі қорқады. Қауіптіліктен құтылуға қандай шаралар көмек береді және инсульттың профилактикасы ретінде медицина қандай жаңалықтар ойлап тапты.

ӨЗІҢІЗДІ ТЕКСЕРІҢІЗ

  1. Сізде бірнеше сағат қатарынан мына жағдайлар орын ала ма:

-                 жарты бетіңіздің жансыздануы;

-                 аяқ-қолдарыңыздың жансыздануы;

-                 кенеттен басыңыздың қатты ауырып кетуі;

-                 кенеттен әлсіздік сезінуіңіз, тәлтіректеп жүруіңіз;

-                 көзіңіздің қарауытуы.

  1. Сіздің артериялық қан қысымыңыз жоғары ма? (сынап бағанасы бойынша 140-90 мм-нен артық).
  2. Жыбырлақ аритмиясымен ауырасыз ба?
  3. Сізде артық салмақ бар ма? (өзіңіздің салмағыңызды (кг) екі еселенген бойыңыздың ұзындығына (м) бөліңіз,  шыққан сан 25-тен аспауы керек).
  4. Сіз темекі шегесіз бе?
  5. Сіз күнделікті өміріңізде аз қозғаласыз ба?
  6. Алкогольді шектен тыс көп ішесіз бе?

Егер сіз екі немесе одан да көп сұрақтарға «иә» деп жауап берсеңіз, онда сізге кеңеске алу және қосымша тексерілуге қаралу керек.

Қауіпітілік аймағындағыларға не істеу керек

  1. Өзіңізді күнделікті 30 минуттан кем емес уақыт далада жүруге үйретіңіз. Жүрегіңіз мен деміңіз жеткенше - барынша тез жүруге тырысыңыз. Бұл қан тамырларыңызды жаттықтыруға және белсенділік деңгейде ұстауға көмектеседі.
  2. Қолданылатын тұз мөлшерін 2-4 граммға дейін азайтыңыз.
  3. Темекі шегуді тастаңыз.
  4. Өз салмағыңызды бақылап отырыңыз- дене салмағыңыздың индексі 25-тен аспасын («Өзіңізді тексеріңізді» қараңыз).
  5. Дүркін-дүркін қан қысымыңызды өлшеп тұрыңыз, егер ол 7 күн бойы жоғары болса – тезірек дәрігерге көрініңіз.

! Сонымен қатар, міндетті түрде қаныңыздағы қанттың (глюкоза) деңгейін (5,5 ммоль/л-ден артық болмауы керек), жалпы холестериннің (5 ммоль/л-ден артық болмауы керек) деңгейлерін тексеруіңіз қажет.

! Ер адамдарға 40 жастан асқанда, ал әйел адамдарға 45-тен кейін мойын қан тамырларына УЗИ жасату керек. Егер өзгерістер анықталмаса, келесі тексерісті 5 жылдан кейін жасату керек, ал егер де ауытқушылықтар анықталып жатса – онда жылына бір рет.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН

«соққы» алғаныңыздың белгілері

1.Адамның жымиып күлуін талап етіңіз: ол жымия алмайды, немесе оның жымиюы қисық болып шығады.

2. Екі қолын көтеріп, солай түзу ұстап тұруын талап етіңіз: бір қолы екіншісінен қалып қояды, немесе екі қолы да қозғалмай қалады.

3. Көздерімен қозғалыс жасауын талап етіңіз (жыпылықтату, оңға-солға қарау): көз алмашықтары бірдей қозғалмайды.

4. Тілін шығарып көрсетуді талап етіңіз: тілі қисайып тұрады

Маңыздысы: инсульттың негізгі белгілерін білу

-кенеттен сезгіштіктің бұзылуы немесе әлсіздік, әсіресе денеңіздің бір жағында,

-беттің симметриялық көрінісінің бұзылушылығының пайда болуы,

-кенеттен бір немесе екі көздің де көру қабілетінің бұзылуы, көзге барлық нәрселердің қосарланып көрінуі,

-кенеттен бастың қатты ауырып кетуі және (немесе) бастың айналуы,

-қозғалыс координациясының бұзылуы, теңдестікті сақтаудың қиындауы,

НЕ ІСТЕУ КЕРЕК: Осы белгілердің біреуін ғана көріп тұрсаңыз да, дереу Жедел жәрдемді шақырыңыз. Есіңізде болсын: ем ептеп болсын тиімді болуы үшін, инсульттан кейін 24 сағаттан кем емес уақытта ем басталуы керек, «соққыдан» кейін 3-6 сағаттың ішінде шаралар қолданған жағдайда – өлім-жітік пен мүгедектік қауіптері барынша азаяды.

 

«Шахтинск қалалық қоғамдық денсаулық

сақтау басқармасы» РММ

 



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -6°C , ылғал 65%, қысым 731, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 369.01
Euro 416.39
Рубль 5.53

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары