www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
29.10.2018
Локалдық жүйенің басты артықшылығы-жеделдік

 

Өткен жұмада қала әкімі С. Аймаковқа «Марс-Арсенал» өңірлік құлақтандыру жүйесінің бағдарламалық-аппараттық құралдарының кешені таныстырылды, оны жақын арада біздің аймаққа  «Маяк-Broadcast» жауапкершілігі шектеулі серіктестік орнатады. Тұсаукесерге Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің бас мамандары, басқарма басшылары мен Қарағанды, Теміртау, Абай, Саран қалаларының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімдерінің басшылары қатысты.

Локалдық құлақтандыру жүйесі  жергілікті бюджет қаражатына  сатып алынады. Оның басты артықшылығы-жеделдік. Төтенше жағдайлар (су тасқыны, өрт және басқа да табиғи және техногендік жағдайлар) туындаған кезде кезекші диспетчер дабыл береді. Содан кейін іс-әрекет тәртібін түсіндіретін сөйлеу ақпараты беріледі.

Бүгінгі таңда біздің облыста локалдық құлақтандыру жүйесі Саран қаласында ғана жұмыс істейді. Саран қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы С. Анищенконың айтуынша, бұл құлақтандыру жүйесі өзін жақсы жағынан көрсетті.

Соңында қала әкімі С.Аймақов жергілікті хабарлау жүйесі рөлінің маңыздылығын айта келе, халықты төтенше жағдайлардан қорғау мемлекеттік саясаттың басым саласы болып табылатынын атап өтті.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -6°C , ылғал 65%, қысым 731, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 369.01
Euro 416.39
Рубль 5.53

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары