www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
10.10.2018
Әкімдікте аппараттық кеңес өтті

 

Өткен сейсенбіде қала әкімдігінде қала әкімі С.Аймақовтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес  өтті, кеңес кадрлық өзгертулер туралы ақпараттан басталды. «Азамматарға арналған үкімет» «Мемлекетік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету орталығы депатаментінің Шахтинск қаласының №1  бөлімінің басшысы болып Мұкашев Бозжігіт Дәулетович және Шахан кентіндегі №2 халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы болып Тоқабаев Марат Елубаевич тағайындалды. Содан кейін күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге жүгіндік.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай беру және жекешелендіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы ТКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімінің басшысы А.Самиев баяндады. 

Бүгінгі таңда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегінде 1660 азамат тұр, оның ішінде: халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарынан 800 азамат; мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілерден - 533 азамат; 327 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала.

 Есеп беру кезеңінде бөлімде келесі жұмыстар атқарылды: кезекте тұрғандар тізімінің деректерін әзірлеу, оған байланысты тұрғын үй комиссиясының кезекті отырысына кезектен алып тастау мәселесі бойынша 106 азаматтың материалы дайындалуда; мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға әртүрлі санаттар бойынша, оның ішінде жетім балалар, мемлекеттік қызметкерлер және халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары бойынша 10 пәтер жалға берілді; жекешелендіру туралы 107 келісім жасалды.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Нұрмағанованың баяндамасы тыңдалды. 

Бүгінгі таңда Шахтинск аймағындағы жастар саны 11000-нан астам адамды құрайды.

Баяндамашы Шахтинск қаласының жастар ресурстық орталығының және олардың кенттердегі филиалдарының, қала әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің қызметіне,  сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша атқарылған оң шараларға толық тоқталып өтті.

Ағымдағы жылдың 9 айында Ресурстық орталық мамандары жалпы саны 9500-ға жуық адамды қамтитын 400 іс-шара өткізді; 524 жасқа жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді. Аталмыш ақпаратты кенті әкімдері өз мәліметтерімен  толықтырды. 

Аппараттық кеңес соңында қала әкімі жауапты тұлғаларға тұрғындармен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай беру және жекешелендіру мәселесі бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын және мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

 



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 5°C , ылғал 56%, қысым 717, жел 6 м/с

Валюта бағамдары

USD 366.43
Euro 420.11
Рубль 5.58

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары