www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
09.10.2018
Халықтың мәліметіне

 

ХАЛЫҚТЫҢ МӘЛІМЕТІНЕ

 

«Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында 2018 жылдың 21 қыркүйегінде әкімінің орынбасары К.К. Тлеубергеновтің төрағалығымен өңірдің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері мен жергілікті атқарушы органдар мен бизнес басшыларының қатысуымен мүгедектер кеңесі отырысы өтті. Күн тәртібінде мынадай мәселелер талқыланды

1. Үкіметтік емес ұйымдармен үй жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер;

2. Тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалар мен өмірлік қиын жағадайда жүрген тұлғалар үшін бейәлеуметтендіру орталығын ашу;

3. Паллиативтік көмек пен мейірбике көмегін көрсету;

4. Жаңа жұмыс орындарын құру.

      «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы мен маманының сөз сөйлеуі барысында үкіметтік емес ұйымдармен үй жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді енгізу перспективалары, сондай-ақ Шахтинск өңірінде бейәлеуметтендіру орталығын ашу қажеттілігі туралы айтылды. Отырыстың қорытындысы бойынша қала әкімінің орынбасары, Мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің төрағасы К.К. Тлеубергеновпен келесі тапсырмалар айтылды:

    - бейәлеуметтік орталық ашу және үй жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді енгізу бойынша мемлекеттік жеке серіктестік аясында қатысу перспективалары мен мүмкіндіктері туралы үкіметтік емес ұйымдармен түсіндірме жұмыстары жалғастырылсын;

- паллиативтік көмек пен мейірбеке көмегін көрсету бойынша халықтың ақпараттандырылуы қамтамасыз етілсін;

-  «Шахтинск қаласы әкімдігінің Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту орталығы» КММ тиісті өтінімдер ұсынылсын және мүгедектер үшін арнайы жұмыс орындарын құруға арналған ақша қаражаттары қарастырылсын.

 

«Шахтинск қаласының

жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»ММ

 бас маманы, Комиссия хатшысы

А.И. Блатов



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -3°C , ылғал 87%, қысым 719, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 371.31
Euro 419.32
Рубль 5.59

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары