www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
08.10.2018
Ұстаз – ұлағатты, ұлы атақ

 

Мерекелік күнтізбедегі мереке күндерінің ішінде Ұстаздар күні ерекше орынға ие. Аталмыш мерекені мектептегі қызықты шақтарды, өздерінің тәлімгерлері туралы шырайлы кезеңдерді есте сақтаған  әр адам атап өтеді.

Ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында қала ұстаздарын Кеншілер мәдениет сарайында марапаттады. Мәдениет сарайының кіре берісінен оқушылар әр ұстазды шапалақпен және құттықтаумен қарсы алды.

Іс-шараны қала әкімі С.Аймақов салтанатты түрде ашты, ол ұстаздардың рөлінің ерекшелігін атап өтті, сондай-ақ, ол ұстаздарға істеріне деген адалдығы үшін, оқушыларға деген жан жылуы үшін алғысын білдіре отырып, кәсіби мерекені мерекелеуге байланысты 5 үздік ұстазға қала әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті. Олардың ішінде: №7 жалпы білім беру мектебінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Т.Дегембаева, №4 жалпы білім беру мектебінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары А.Мухаметжанова, «Ботагоз» балабақшысының методист Н.Филипенко және басқада.

Мереке қарсаңында ерекше көзге түскен білім беру саласының қызметкерлері дәстүрлі «Білім» сыйақысымен марапатталды. Қалалық мәслихат хатшысы Ж.Мамерханова, қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Қ.Тілеубергенов, қала әкімі аппаратының басшысы Н.Циолковская, ішкі саясат бөлімнің басшысы С.Нурмағанова, №6 жалпы білім беру мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Скарзова номинанттарға дипломдарды табыс етті. 

Атап айтсақ, «Шеберлік шыңы» және «Таусылмас өнер» номинациясында «Снегурочка» сәбилер – бала бақшасының әдіскері  А.Насибуллина және Шахан кентінің балалар өнер мектебінің домбыра сыныбының оқытушысы Г.Жұманбаева жеңімпаз атанды. Үздік «Жаңашыл» болып Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің бастауыш пәні мұғалімі А.Альханова танылды.  «Алтын қор» және «Қызметіне адал» номинациялар бойынша №1 гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Т.Окропиридзе және Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің музыка пәнінің мұғалімі З.Ниетпаева жеңімпаз атанды.

Мерекелік іс-шарада  жалынды  билер, өлеңдер,  ұстаздарға арналған әсерлі өлең шумақтары ешкімді бей –жай қалдырмады – концерт сондай жақсы өтті. Іс-шара жарқын және ұмытылмас болып өтті.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 5°C , ылғал 56%, қысым 717, жел 6 м/с

Валюта бағамдары

USD 366.43
Euro 420.11
Рубль 5.58

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары