www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
05.10.2018
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына пікірлер. 2018 жылғы 5 қазан

 
 

Бүгінгі Жолдау алдыңғы Жолдаулардың жалғасы деп білеміз.

Елбасымыздың халықтың  әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды.

Президентіміздің жолдауында берілген тапсырмалар орынды, халықтың көңілінен шығады деп есептеймін. Өйткені халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған көптеген шараларды қолға алу тапсырылды.

Сондай-ақ жағдайы төмен азаматтардың да әлеуметтік жағдайы біршама көтерілуіне септігін тигізері анық.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында халықтың ең төменгі жалақысын көтеру, тұрғын үй құрылысын өзектендіру мәселесі, ішкі өнімді арттыруды қолға алуды, ұстаздың мәртебесін көтеру мәселелеріне көп көңіл бөлді.

Атап айтатын болсақ ұстаздардың мәртебесін көтеру дегеніміз – олардың әл-ауқатын, білім сапасын арттыру керек деп білеміз. Осыған орай мұғалімдердің мәртебесі туралы заң әзірлеп қабылдауды тапсырды. Бұл құптарлық жағдай. Осы орайда мұғалімдерді ынталандыратын шаралар қарастырылып, жүктемені азайтуды, артық жұмыстан босату керектігіне баса назар аударды.

 Сондай-ақ қазіргі таңдағы экономикамыздың, халықтың  әл-ауқатына сүйене отырып, әрі қарай жылжуымыз керектігіне де зор мән берді. Біз Елбасымыздың бүгінгі жолдауын қолдаймыз. Және осы берілген міндеттерді орындауда аянбай еңбек ететінімізді мәлімдейміз.

 

«Бастау» оқу-әдістемелік орталығының ұжымы атынан

Б. Даулбаева

 

 

05.10.2018 жылы ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықына     жолдауы. Елбасы жолдауын жарияламас бұрын Қазақстанның бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерін тізіп, алдағы жоспарларға тоқталып өтті. Елбасының 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмнің алдын алу, қылмыстық жазаны өтеп жатқан азаматтарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру мәселелері айтылды.

              Сонымен қатар, өскелең ұрпақты өз бетімен ізденуге үндеп, осы бағытта оқыту бағдарламаларын жетілдіруді тапсырды. IT-білімді, қаржылық сауаттылықты, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу қажеттігін сөз етті. Елбасы білім беру саласында өз жолдауында маңызды мына жағдаяттарға тоқталып өтті. Білім беруде мектеп реформасын жаңалау керектігін жеткізді. Барлық мектептер стандартты жағдайда НИШ деңгейіне тартылу керек. Мектептерде баға қоюды халықаралық стандартқа сай құрылу қажет. Ең бастысы бала қауіпсіздігін 100 %  қамтамасыз ету үшін жағдай жасау керектігін айтты. 2019-2020 оқу жылында мектептерде үш ауысымды оқуды қысқарту үшін бюджеттен 50 млрд теңге бөлінді. Келесі жылдан бастап мұғалімдердің жүктемесін азайту керектігін жеткізді. Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі күшейту талап етіледі. Бүгінде ғылым саласы баланың ойлау қабілетінің негізі, ақылы алты жасқа дейін қалыптасатынын айтуда. Осы мәселеге тиісті деңгейде мән беріліп отырған жоқ. Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдіснамасын, тәрбиешілер мен балабақшадағы өзге де қызметкерлердің еңбегін төлеу жүйесін қайта қарап шығу керектігін мәлімдеді. Жоғары білім саласында оқу орындарына талаптар қатая түседі. Гранттардың санының өскендігін, ендігі кезекте жауапкершілікті арттыратын уақыт келгендігіне тоқталды. ЖОО-ның табыстылығының басты талабы - оқу біткеннен кейін студенттердің жұмыспен қамтылуы, олардың жоғары айлығы бар жұмысқа орналасуы болмақ. Мемлекет басшысы өз Жолдауында Білім және ғылым министрімен сөйлескенін атап өтті. Елбасы биылғы Жолдауында 2019 жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданатынын айтты. Елбасы Н.Ә.Назарбаев  «Нарықта тек жоғары білім бере алатын ЖОО-лар қалуы керек. Жаһандық университеттермен ынтымақтастықты жалғастырып, Назарбаев Университеттің тәжірибесі  бойынша әлемнің үздік топ-менеджерлерін тарту керек. Қазіргі білім беру инфрақұрылымының базасы негізінде Назарбаев Университеттің үлгісі бойынша тағы бір аймақтық ЖОО ашу керек деп есептеймін», - деді Президент. Елбасы жолдауы халықтың көңілінен шығады деп ойлаймыз!

 

Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің директоры  

А.Есмаганбетов

 

 

Экономика саласында Н. Назарбаев бұл бағытта Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері тиісті басымдықтарды қойып отырғанын еске салып өтті. «Қаржыландыруды белгіленген реформаларды жүзеге асыруға бағыттау керек. Олар халыққа қызмет көрсету сапасын елеулі түрде арттыруды қамтамасыз етеді. Бизнес өсімінің тұрақты өсім көзін қалыптастару қажет. Жеке инвестицияны ынталандыру нарықтың бостандығын қамтамасыз етеді. Дәл осы бизнес жаңа жұмыс орындарын, құрып, қазақстандықтардың басым бөлігін кіріспен қамтамасыз ететіңдігін, бұл үшін келесі міндеттерді шешуге болатындығын жеткізді.

Осы ретте Елбасы 2010 жылы «Жол картасы-2020» бағдарламасының іске қосылғанын атап өтті. ҚР Президентінің атап өтуінше, бұл шаралар үш жылдың ішінде азаматтарымыз үшін қосымша кемінде 22 мың жұмыс орнын ашуға, бюджетке қосымша 224 млрд теңге алуға беру мүмкіндігін, 3 трлн теңгенің өнімі шығарылатындығын айтты. Осы орайда Елбасы соңғы 20 жыл ішінде елімізге 300 млрд АҚШ долларынан астам тікелей инвестиция тартылғанын атап өтті. «Ел экономикасын өркендетудің негізі саналатын шағын және орта бизнес нығайып келеді.

Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізу жеңілдігі жөніндегі мәліметі бойынша Қазақстан 190 елдің ішінде 36-шы орынға көтерілді. Біз әрдайым сыртқы қатерлерге дер кезінде назар аударып, оларға дайын бола білдік. Соған байланысты мен елімізді жаңарту жөніндегі тиісті бағдарламалық бастамаларды бастадым. Олардың жүзеге асырылуы табысты дамуымыздың негізгі факторына айналуы қажет. Біздің стратегиялық мақсатымыз 2050 жылға әлемдегі озық дамыған отыз елді қатарына қосылу екенін бүгінде барлық қазақстандықтар біледі», - деді Мемлекет басшысы. 1 қаңтардан шағын және орта бизнеске салықтық амнистия жариялады.«Бизнес жұмысын таза парақтан бастауы үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан шағын және орта бизнес үшін салықтық амнистия жүргізуге кірісуді тапсырды. Дегенмен, барлығы да тегіс болып отырған жоқ. Біріншіден, салықты әділ төлейтін бизнес бар. Елбасы еліміздің экономикалық даму үстінде екендігін басты мақсат алдынғы қатарлы 30 елдің ішіне ену керектігін баса ескертті.

 

М.Нығыман

Тарих пәнінің мұғалімі

 

 

 

Медицина саласында «Бес жылдың барысында білімге, ғылымға және денсаулық сақтауға  арналған шығыстарды барлық көздерден елдің Жалпы ішкі өнімінің 10 пайызына дейін жеткізу керек. Әсіресе, бізде ғылым ақсап тұр. Сондықтан тиісті қадамдарды іске асырып, белгіленген мақсатқа қол жеткізейік», - деді Президент.

            Осы орайда Н. Назарбаев бұл бағытта Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері тиісті басымдықтарды қойып отырғанын еске салып өтті.

«Қаржыландыруды белгіленген реформаларды жүзеге асыруға бағыттау керек. Олар халыққа қызмет көрсету сапасын елеулі түрде арттыруды қамтамасыз етеді. Үкімет әрбір саланы айқындауы тиіс», - деді Елбасы.

Стратегиялық құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. «2019 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын 20 процентке көтеруді тапсырамын. Осы мақсатта келесі жылы бюджеттен 5 млрд теңге бөлінеді», - деді Н.Назарбаев.

    Айта кетейік, учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы біртіндеп көтерілетіндігін айтты. Әрбір маманның жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу қабілетіне баса назар аударылмақ. Сондай-ақ Президент жергілікті жердегі медициналық-санитарлық көмекті күшейту қажеттігін атап өтті. 

  ҚР Президентінің айтуынша, сонымен қатар жалақы өсімі  бюджеттік ұйымдардың 275 мың қызметкеріне де қатысты.  Яғни, мұғалімдердің,  дәрігерлердің, құқық қорғау, қорғаныс органдарының қызметкерлерінің жалақысы 35 пайызға артады. «Бұл мақсаттарға 2019-2021 жылдарға республикалық бюджеттен  жыл сайын 906 млрд теңге бөлу қажет.  Бюджетті қарау барысында Парламент мұны ескереді деп ойлаймын», - деді Нұрсұлтан  Назарбаев. Бұл ретте ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болмайтындығын баса айтты. «Ең төменгі жалақының жаңа көлемі толықтай алғанда бүкіл ел экономикасында еңбекақы өсімінің катализаторы болады деп ойлаймын, - Елбасы сөзін тұжырымдады.

 

Н.Мухаметжанова

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

 

Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті жолдауын жария етті. Бұл жаңа бағдарлама – мемлекетіміздің алдағы жылдарға арналған даму бағдары, біздің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы жаһандық қадамы.

Мен қарапайым халықтың өкілі ретінде осы бағдарламаны қолдап отырмын. Өйткені онда бүгінгі күннің өзекті мәселелерін шешу жолдары көрсетілген. Әлемнің барлық мемлекеттері осыдан бірнеше жыл бұрын басталған экономикалық дағдарыстың салдарын әлі сезінуде. Олардың қатарында біздің мемлекетіміз де бар. Дегенмен, мемлекет басшылығының дана саясаты арқасында Қазақстан бұл сыннан аман-есен өтті.

Әйткенмен, әлемдік экономикалық жағдай әлі де өзінің тұрақты жағдайына келген жоқ, қазақстандықтардың да босаңсымағаны жөн. Жаңа жолдау экономикалық саясаттың жалғасы болып табылады. Онда қазіргі таңдағы қиындықтарға төтеп беру, орын алған экономикалық жағдайдан шығу жолдары айқындалған, орындалуы тиіс нақты іс-шаралар ұсынылып отыр.

Ел экономикасын дамытудың басты салаларына айрықша көңіл бөлінген. Шағын және орта бизнесті, көлік, энергетика, индустриялық инфрақұрылымды дамытуға, қолжетімді тұрғын үй, мектептер мен балабақшалар құрылысына мемлекет қорынан қыруар қаржы бөлінуде. Осы іс-шаралардың орындалуы халқымыздың әлеуметтік жағдайының өсуіне септігін тигізеді деп ойлаймын. Бүгінгі күнде іске асырылып жатқан жұмыстың жемісін біз ғана емес, біздің ұрпағымыз да көретініне мен кәміл сенемін.

 

Сметов С.С.

Ардагерлер кенесінің төрағасы

 

 

Бүгінгі «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Елбасының Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауы - аса маңызды әрі жауапты тарихи мәні бар құжат.

Бүгінгі Жолдауда да айтылған мәселелер мен есептер қуантарлық. Жолдау қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне, табысы пен тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған.

Елбасымыздың осы Жолдауындағы айқындаған мақсаттарының жүзеге асуына біз де ат салысып, жұмыла жұмыс жасауымыз қажет. Жылдан жылға медицинада да, білім саласында да үлкен өзгерістер болып жатыр. Сонымен қатар «Қазақстан – 2050» стратегиясын басшылыққа ала отырып, дамыған 30 елдің қатарына енуіміздің қажеттілігі жөнінде айта отырып, алдымызға межелі тапсырмалар мен міндеттерді қойып отыр.

Жолдауда айтылған «Нұрлы Жер» Бағдарламасының іске асуы, адами капитал сапасын жақсартуы, білім беру, денсаулық сақтау жүйелерінің  өзгеруі бойынша жұмыстардың одан әрі 2025 жылға дейін ұзартылғаны қуантады.

Елбасы айтпақшы – «алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға» барлығымыз сенімді болуымыз қажет.

Мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауы еліміздің қарыштап дамуына үлес қосатындығына нық сенемін!

 

 

Танабаев С.Н ұстаз

 Гимназия №1  Шахтинск қаласы

 



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 5°C , ылғал 56%, қысым 717, жел 6 м/с

Валюта бағамдары

USD 366.43
Euro 420.11
Рубль 5.58

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары