www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
05.10.2018
«Электронды үкімет» порталы тиімді бастама

 

«Электронды үкімет» портолы тиімді бастама

 

Әр хаттың соңында өз қолымызды қоюға әбден үйренгенбіз, бұл қабылдаушыға хатты кім жазғаны туралы хабар етеді. Бұдан басқа, құжатқа жауап беруші адамның қолы қойылса, онда құжатқа заңды күшке беріледі. Электрондық құжаттарды жеткізу құралдары ене бастағаннан бері, оның сенімділігінің мәселесі көтеріле бастады. Биттер немесе пикселдер қатарын көшіріп алу қиындыққа соқпайды. Қазіргі замандағы телеқатынастық арналар жіберілген құжаттарды жолай ұстаудан және бұрмалаудан қорғалмаған. Сондықтан жіберілетін құжаттарды қорғау үшін электрондық цифрлық қолтаңбалар қолданылады. Электронды цифрлық қол арқылы смартфондар мен жеке компьютерлерге «Е-gov» мобильді қосымшасын жүктеуге болады. Бұл халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінбей-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға мүмкіндік береді.

Елбасының тапсырмасы бойынша әзірленген «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша негізгі тапсырманың бірі маңызды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды форматқа ауыстыру болып табылады, 2020 жылға қарай 80 пайыздан кем емес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ауыстыру жоспарлануда, 2025 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды форматта 100 пайыз көрсетіледі.

Осы жылдың қазан айына дейінгі жағдай бойынша Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің барлық қызметкерлері электронды цифрлық қолтаңбамен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Бөлімнің қызметкерлері заман талаптарына сай электронды цифрлық қол арқылы тұрақты негізінде мемлекеттік қызметтер алынуда. Спорт саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету барысында Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлкеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңнамалардың қатаң сақталуы қамтамысыз етілуде. Бөлімнің ақпараттық стендінде қызметті алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің  көрсету тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртібі туралы ақпараттар мемлекеттік және орыс тілінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету және жұмыс барысында сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға жол бермеу үшін бөлім қызметкерлері арасында тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы, бағдарламалық құжаттар зерттелуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бөлім қызметкерлері және мемлекеттік қызмет алушылар арасында жұмыс жүргізілуде. Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету барысында, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, мерзімдерінің сақталуына, уақытылы ден қоюды қамтамасыз етуде және келіп түскен өтініштерге шаралар қабылдауда ішкі бақылау жүгізілуде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы қосымша ақпаратты «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінен, Шахтинск қаласы әкімдігінің www.shahtinsk.gov.kz  ресми сайтынан және Шахтинск қаласы, Калинина көшесі, 14 үй мекенжайында орналасқан «Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нен немесе мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы ақпарт алуға болады.

 

«Шахтинск қаласының дене шынықтыру

және спорт бөлімі» ММ-сі


Ақпарат "Шахтинский вестник" газеті редакциясымен берілген


Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 5°C , ылғал 56%, қысым 717, жел 6 м/с

Валюта бағамдары

USD 366.43
Euro 420.11
Рубль 5.58

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары