www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
04.10.2018
Шахтинск қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

 

3 қазанда қала әкімі С. Аймақовтың төрағалығымен Шахтинск қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі төрт мәселе бойынша ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Е. Абишев баяндады.

Кәмелетке толмағандар  арасында   қылмыс пен  құқық  бұзушылықтың  профилактикасы жөніндегі жұмыстың жағдайы,    сондай-ақ   кәмелеттік  жасқа  толмаған сотталған  тұлғаларды қайта  әлеуметтендіру және заңмен байланысы бар тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету аймағын қалыптастыру бойынша  қабылданған шаралардың   тиімділігі туралы ақпаратты ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Е. Абишев,  білім бөлімінің басшысы Н.Онсович,     ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Нұрмағанова берді.

Е.Абишевтың ақпараты бойынша есеп беру кезеңінде жасөспірімдермен жасалған қылмыстар санының өскені  байқалады, кәмелетке толмағандардың алкогольдік және есірткілік масаң күйде қылмыс жасау фактілері анықталған жоқ. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстарды болдырмау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізіледі, барлық оқу орындарында лекция, алдын-алу сұхбаттары, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке тарту сипатында   құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Н.Онсович балалар мен жасөспірімдерді үйірме жұмыстарына, спорт секцияларына, жалпы мектептік және қалалық іс-шараларға тарту жұмысы қарқынды жүргізіліп жатқандығын  атап өтті. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 ақпанынан 28 ақпаны аралығында «Өзіңнің балаңды танып біл» акциясы өткізілді, акция шеңберінде 3879 оқушының отбасына барып тексеру шарасы жүргізілді, кәмелетке толмағандардың өмір сүруінің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайына актілер жасалды.

С.Нурмагановтың ақпараты бойынша есеп беру кезеңінде жастар орталығының мамандары бұл бағытта 500 - ден астам адамды қамти отырып, 50-ден астам іс-шара өткізген.

Шахтинск аймағы аумағындағы  апаттылық жағдайы және  жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша мемлекеттік органдармен қабылданған шаралардың тиімділігі туралы ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Е. Абишев, кент әкімдері, ТКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімінің басшысы А.Самиев баяндады.

Полиция өкілінің берген ақпаратына сүйенсек, ағымдағы жылда 8 жөл-көлік оқиғасы орын алып, 4 адам қаза тапқан, ал 11 адам дене жарақатын алған.

Жолдағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар мәселесін қарастыру барысында Қарағанды-Есенгелді тас жолы жолдың ең қауіпті бөлігі деп аталды және жол апаттары санын азайту бойынша ұсыныстар берілген.Сонымен қатар, ұдайы түрде    «Автобус», «Қауіпсіз жол», «Трасса», «Мотоциклист», «Грузовик» тағы басқа жедел-профилактикалық шаралар өткізіледі.

Өз сөзінде кент әкімдері және А.Самиев жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету  бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Шахтинск қаласы аумағында адам саудасымен байланысты құқық бұзушылық профилактикасы бойынша атқарылған іс-шаралар және «Көршінің қырағылығы» жоспарын іске асыру бойынша атқарылған іс-шаралар туралы ақпаратты ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Е. Абишев берді.

Шахтинск қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтар, оның ішінде адам саудалау фактілері орын алған жоқ. Алдын - алу жұмыстары үнемі жүргізілуде.

Есеп беру кезеңінде учаскелік инспекторлар тұрғындармен 39 кездесу өткізді, олар «Көрші қырағылығы» бағдарламасын іске асырудың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді, аталмыш жұмыс  үгіт материалдарын меморандум түрінде тарату арқылы жүзеге асырылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Шахтинск аймағында қылмыс деңгейі жалпы қылмыстың 18,7% төмендеуімен сипатталды.

Мәселені талқылау қорытындысы бойынша қала әкімі С.Аймақов учаскелік және мектеп инспекторларының жұмысын қатаң бақылауға алу, қауіпсіздікті арттыру қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтуді,  жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тұрғындарға ақпарат-насихат жұмыстарын әрі қарай жүргізілуді жалғастыруды тапсырды.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -3°C , ылғал 87%, қысым 719, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 371.31
Euro 419.32
Рубль 5.59

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары