www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
02.10.2018
Аға буынға деген қамқорлық

 

Ең мейірімді, маңызды және ерекше күзгі мейрамдардың бірі, көп жылғы адал еңбегі үшін, даналық пен баға жетпес өмірлік тәжірибесі үшін егде жастағы адамдарға тағы да бір алғыс айтуға болатын күн  - 1 қазан - Халықаралық қарттар күні, 1 қазанда қала әкімі С.Аймақов жалғыз тұрып жатқан зейнеткер Захарчук Мария Васильевнаны мерекемен құттықтады, оған қала әкімі зор денсаулық, сәттілік тілей отырып, гүл шоқтары мен естелік сыйлық табыс етті.

Мария Васильевна 1936 жылы Украинада дүниеге келген. Шахтинск қаласында 1960 жылы көшіп келген. Ол құрылыс алаңында және газ басқармасында жұмыс істеді, одан зейнеткерлікке шыққан. 2007 жылдан бастап оған әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасарлары, кенттер әкімдері және мемлекеттік мекеме басшылары да қарт адамдарды құттықтады. 

Мерекелік іс-шаралар арасында жыл сайын «Уголек» мейрамханасында салтанатты және жылы лебізбен өткізілетін қайырымдылық ас та бар. 1 қазанда той иелері үшін көңіл – күй көтеретін мерекелік ас пен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Ж.Какарманов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Сметов ізгі ниетпен мерекелік іс-шараның құрметті қонақтарына зор  денсаулық және барлық жақсылықты тіледі.  Іс-шара барысында қарт адамдар өз атынан бір-біріне зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй және ұзақ ғұмыр тіледі. Мерекелік отырыстан олардың әрқайсысы оң эмоция  және көрсеткен қамқорлығы мен ниеттері үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Мереке қарсаңында 29 қыркүйекте кеншілер мәдениет сарайында қала әртістері мен шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Күзгі шаттық» концерті ұйымдастырылды.

Халықаралық қарттар күні жанды тебірентер және жылы ықыласпен өтті, жылы лебіздер мен шексіз алғыстар айтылды.

                                              

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 5°C , ылғал 56%, қысым 717, жел 6 м/с

Валюта бағамдары

USD 366.43
Euro 420.11
Рубль 5.58

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары