www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
14.09.2018
Жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау тәртібі

 

Жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау тәртібі

 

Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың білімін және кәсіби біліктілігін бағалау мақсатында уәкілетті атқарушы органдар әрбір үш жылда оларды аттестаттаудан өткізеді.

Аттестаттау бір күнде өткізіледі және мынадай екі кезеңнен тұрады: тестілеу және әңгімелесу.

Тестілеу – тестілік тапсырмаларды пайдалана отырып жүргізілетін аттестатталушының теориялық білімін және практикалық дағдыларын тексеру нысаны;

Егер мәлiмдемемен бiрге (кемiнде 10 жылдық жұмыс тәжiрибесi бар, бiлiм беру қызметіне мемлекеттiк лицензиясы бар оқу орындарда аттестацияланатын мамандығы бойынша бiлiктiлiкті арттыру курстарын тамамдаған) аттестаттауға мәлiм етiлетiн облыстағы жұмыстың түбегейлi тәжiрибесi туралы куәландыратын құжаттарды ұсынса, кәсiпкерлерге тестілеудi өткiзусiз аттестациядан өтуге рұқсат етiледi.

Кәсіпкер жазбаша хабарлама алғаннан кейін күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрмей электрондық нысанда «Электрондық үкімет» веб-порталына немесе қағаз нысанында комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) нысан бойынша өтініш;

2) соңғы үш жылда бiлiктiлiгін арттыру курсынан өткендігi туралы куәліктердің (сертификаттардың) көшiрмелерi;

3) ғылыми дәрежесiнiң, атағының бар болуы туралы дипломның көшiрмесi (бар болса).

Тестiлеу қағаз тасымалдаушыда тест сұрақтарын қолдану арқылы жүргізіледі (бір сұрақ бір ұпайға теңеледі, барлығы жүз сұрақ).

 Тест тапсырмаларын орындауға берілетін жалпы уақыт тоқсан минутты құрайды.

Тестілеудің нәтижесін есептеуді дұрыс жауаптар кодтарын қолдану арқылы комиссия өткізеді.

Сұрақтардың жалпы санынан жетпіс және одан көп пайыз дұрыс жауап алған жағдайда тестілеудің нәтижесі өтті деп саналады және тестілеу өткен күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды.

Кәсіпкерге тестілеудің нәтижелері «Электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне жолданады немесе қолма-қол табысталады.

Тестiлеуден өтпеген кәсіпкер аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілмейді (әңгiмелесу).

Қайта тестiлеу осы қағидаларға сәйкес бастапқы тестiлеу өткен күннен бастап алты айдан кейiн өткiзiледi.

Әңгiмелесуді теориялық және практикалық сұрақтар бойынша комиссия мүшелері өткізеді, қойылатын сұрақтың саны бес сұрақтан артық емес.

Дауыс беру нәтижелерi ашық түрде комиссия мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады. Хатшы дауыс бере алмайды.

Әңгімелесудің нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

1) аттестатталды;

2) қайта әңгiмелесуге жатады;

3) аттестатталмады.

Қайта әңгiмелесу осы қағидаларда айқындалған тәртiппен бастапқы әңгiмелесу өткен күннен бастап бір айдан соң өткiзiледi.

Комиссия, қайта әңгімелесу қорытындылары бойынша мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

1) аттестатталды;

2) аттестатталған жоқ.

Аттестаттаудан теріс нәтиже алған кәсіпкер аттестаттау нәтижесін алған күннен бастап бір жыл өткен соң қайтадан аттестаттауға қатысуына болады.

Кәсіпкер комиссияның шешiмiмен аттестаттаудан өткен күні танысады.

Осы мәселе бойынша қосымша ақпарат алу үшін «Шахтинск қаласының ветеринария бөлімі» ММ, Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі 101, тел. 44600, 52120 нөміріне телефон шалу арқылы өтінуге болады.

 

К. Кощыгулов, Шахтинск қаласының ветеринария бөлімінің бас маманы                                                         


Ақпарат "Шахтинский вестник" газеті редакциясымен берілген


Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -10°C , ылғал 62%, қысым 728, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 374.20
Euro 420.34
Рубль 5.52

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары