www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
13.09.2018
Қала әкімдігінде діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі қалалық кеңес кезекті отырысы өтті

 

12 қыркүйекте қала әкімі С. Аймақовтың төрағалығымен қала әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі қалалық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста Шахан кентінің әкімі Ғ.Өмірбеков және Долинка мен Новодолинский кенттері әкімдерінің міндетті атқарушылар Е.Солтабаев мен А.Клюев Қазақстан Республикасының 2017-2020 жылдарға арналған дін саласандағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру баяндады, Шахтинск өңірі бойынша ҚТЖД пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет майоры Е.Абеуова Шахтинск өңірі бойынша ҚТЖД пробациялық бақылауында тұрған мерзімін өтеушілерді бейімдеу және олардың деструктивті діни ағымдардың әсеріне түсуіне жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар ақпаратты берді.

Кент әкімдері өз баяндамаларында кент аумағында қызметін жүзеге асыратын діни бірлестіктер туралы және бірлесе атқарылатын жұмыстар туралы айтты.

Баяндаманы қорытындылай келе, кенттердегі діни ахуал және ұлтаралық келісім тұрақты деп айтуға болады, атқарушы үкіметтің жергілікті діни бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасау мәселесі үнемі  бақылауда тұрады.

Е.Абеуова өз сөзінде профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға назар аударды. Ағымдағы жылдың 8 айында участкелік полиция инспекторларымен бірлесіп 6 профилактикалық іс-шара өткізілді. Сондай-ақ Жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша қала әкімі С. Аймақов ішкі саясат бөліміне діни экстремизм мен терроризмді алдын – алу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды, тұрғындар арасында, әсіресе жастар арасында дін мен рухани мәдениет проблемасы жөнінде белсенді жұмыс жүргізуді тапсырды. 

Соңында С. Аймақов келе жатқан мереке – Рухани келісім күнінің (18 қазан) маңыздылығын атап өтіп, барлық іс-шараларды жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуді тапсырды.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта ашық -10°C , ылғал 62%, қысым 728, жел 1 м/с

Валюта бағамдары

USD 374.20
Euro 420.34
Рубль 5.52

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары