www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
10.08.2018
«Шахтинскводоканал» ЖШС жаңа техникамен толықтырылды

 

Осы аптада «Шахтинскодоканал» ЖШС арнайы техникалар автопаркі жаңа Камаз 6520-041, 20 тонна салмақ жүк көтергіш самосвал және КАМАЗ базасындағы КО-514 арна жуғыш машиналарымен толықтырылды. Сатып алынған арнайы техника сумен жабдықтау және кәріз желілерінде жұмыстар жүргізу үшін тиісті талаптардың барлығына сай келеді, авариялар жою барысында шұғыл әрекет етуге, неғұрлым мобильді және тәуелсіз болуға, сондай-ақ қажетті алдын-алу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

КО-514 арна жуғыш  машинасы кәріз желілерде авариялық қоқымдарды жою үшін және құдықтар мен құбырларды әртүрлі ластанудан профилактикалық санитарлық тазартуға арналған машина. Техникалық сипаттамалар көлік құралын кез келген маусымда және барлық ауа-райында пайдалануға мүмкіндік береді.

Камаз 6520-041, самосвалдың басты ерекшелігі – жүк көтеру қабілетінің және жүріп өту өтімділігінің жоғарылығы, ал бұл өз кезегінде машинаны  қатаң шарттарда жұмысқа пайдалануға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда автокөлік паркін толықтыру - бұл арнайы техниканы жаңартудың келесі сатысы. 2014 жылдан бастап, жыл сайын жаңа техника сатып алынады, олар осы уақыт ішінде өзін жақсы жағынан көрсетті. Мәселен, өткен жылы жер жұмыстары үшін экскаватор сатып алынды.

Жергілікті бюджет есебінен сатып алынған жаңа арнайы техникамен қала әкімі С.Аймақов таныстырды, оны жоғары бағалап, жаңа машиналар біздің аймақтың пайдасына қызмет ететініне сенім білдірді.

«Шахтинскодоканал» ЖШС болашақта да арнайы техникалар  автопаркін жаңартып отыруды жоспарлап отыр. Себебі, кәсіпорын жұмысының басты мақсаты - сумен жабдықтау және су тарту қызметтерін сенімді және тоқтаусыз қамтамасыз ету болып табылады.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -1°C , ылғал 76%, қысым 713, жел 9 м/с

Валюта бағамдары

USD 369.98
Euro 428.70
Рубль 5.64

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары