www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
10.08.2018
Мемлекеттік қызмет сапасы - ел болашағы

 

Мемлекеттік қызмет сапасы - ел болашағы

 

Еліміздің дамуы қажырлы еңбек пен сапалы қызметті талап етеді. Осыған орай әр істе сапалы қызмет көрсету еліміздің жарқын болашағына деген нық қадам. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтеріміз күннен – күнге дамып, халқымызға қол жетімді және тиімді бола түсті. Халқымыздың көрсетілетін қызметтер туралы толық мәлімет алуына қол жетімділігі артты.

Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi — жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет алуға барлығының бірдей қол жеткiзуi.

Осы арада барлығының бірдей қол жеткізуі деп бірінші кезекте электронды қызмет алуды айтуға болады. Яғни, электронды үкімет порталы арқылы қолымыздағы цифрлы қолтаңбаның көмегімен, ешбір адамның көмегінсіз, таныс-тамыр іздеместен, ұзын сонар кезекте тұрмай, ешкімге жалбарынышты болмай ақ, кез келген қызметті көрсетілген уақытта алу артықшылығына ие болу деген сөз.

Бұл өз алдына мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырып, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жойып, әрқайсымыздың цифрлы сауаттылығымызды жорғарылатып, бәсекеге қабілеттілігімізді айқындайды.

Елбасының «Төртінші өнеркәсіп революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы нұсқауларға сәйкес мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетуді халық арасында танымал ету бағытында облыс бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ұсынысы бойынша облысымыздың барлық қала, аудандарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкелері өткізілуде, ақпараттық буклеттер таратылуда, ХҚКО, білім беру ұйымдарында, әр ауылдық округ әкімдіктерінің ғимараттарында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды алуға барлық мүмкіндіктер жасалуда.

Анықтама ретінде 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында облыс бойынша азаматтарға мемлекеттік қызметтерді электронды алуға және мемлекеттік қызметтерді алудағы құқықтары мен міндеттерін насихаттауға бағытталған 186 баннер орнатылып, 62435 түсіндірме парақшалары таратылды.

Аталған іс-шаралардың басты мақсаты мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттыру болып табылады.

 

МҚІжСЖҚІҚА Қарағанды облысы бойынша

департаменті МКҚБ бас маманы

Ә.Әбдікәрімов



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -3°C , ылғал 87%, қысым 719, жел 3 м/с

Валюта бағамдары

USD 371.31
Euro 419.32
Рубль 5.59

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары