www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
11.07.2018
Қала әкімі аппараттық кеңес өткізді

 

Шахтинск қаласының әкімдігінде қала әкімі С. Аймақовтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес  өтті.

Респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру туралы ақпаратты  қалалық статистика бөлімінің басшысы Ж.Фаткуллина баяндады.

Баяндамашы респонденттерге және әкімшілік дереккөздерге қатысты алдын-ала бақылау түрінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру туралы «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңының жаңалықтары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

2018 жылғы 8 маусымнан бастап статистика органдарына есеп тапсыратын Респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылау респонденттердің келуінсіз профилактикалық бақылау түрінде жүзеге асырылады. Профилактикалық бақылаудың нәтижесі бойынша бұзушылық анықталған жағдайда статистика органдары тұжырымдама рәсімдейді, ол респондентің тіркелу орыны бойныша респондентке  жіберіледі. Профилактикалық бақылаудың нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықты жою туралы тұжырымдаманы респондент алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде орындау қажет. Профилактикалық бақылаудың нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықты жою туралы тұжырымдаманы бекітілген мерзімде орындамау статистика органдарына әкімішілік өндірісті қозғауға құқық береді. Респондент Тұжырымдамада көрсетілген бұзушылықпен келіспеген жағдайда, тұжырымдаманы қабылдаған күннің келесі күннен бастап екі жұмыс күні ішінде статистика органдарына қарсылық жіберуге құқылы (ҚР ӘБтК 497-бап).

2018 жылдың 1 - жартыжылдығында «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметін көрсету туралы ақпаратты мемлекеттік мұрағаттың директоры О.Гамалеева берді.

«Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметін көрсету талдауы көрсеткендей, «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өскен. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 1157 сұраным келіп түсті және өңделді, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы жасалған сұраныс саны - 49. Ағымдағы жылдың алты айында 1157 сұраным келіп түсті және өңделді, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы жасалған сұраныс саны - 49.

Ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде ешқандай шағымдар немесе белгіленген мерзімдерді бұзу, мемлекеттік қызметті орындаудан бас тарту фактілері орын алған жоқ.

Аппараттық кеңестің қорытындысы бойынша қала әкімі жауапты тұлғаларға кәсіпкерлермен заңға енгізілген жаңашылдықтар бойынша және халықпен «Электрондық үкімет» порталы арқылы «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі туралы ақпараттық –түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруды тапсырды.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -2°C , ылғал 75%, қысым 718, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 370.49
Euro 421.06
Рубль 5.54

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары