www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
11.07.2018
Депутаттар ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру тетіктерін түсіндіруде

 

Өткен сейсенбіде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Гүлнар Бижанова, Серік Сәпиев Қарағанды облысына келген іссапар барысында Шахтинск аймағына да келді, олар іссапар барысында Ленин атындағы шахтаның еңбек ұжымдарымен  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Кездесуге қала әкімі С.Аймақов, Қарағанды облысы бойынша аумақтық кәсіподақтар  бірлестігінің төрағасы Б.Жұмабеков, «АрселорМиттал Теміртау» КД АҚ «Қорғау» көміршілер кәсіподағы төрағасының орынбасары М.Имаш, «Шахтинская» шахтасы кәсіподағының төрағасы А.Тойбеков, қалалық мәслихат депутаттары Е.Керімқұлов және А.Омарбеков қатысты.

Мәжілісмендер Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Гүлнар Кадижанқызы барлық бастамалар еліміздің әрбір азаматының өмірінің маңызды аспектілеріне қатысты екенін және халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталғанын атап өтті. Кездесу барысында жан-жақты және құнарлы сұхбат құрылды, онда қала құрушы кәсіпорындардағы әлеуметтік мәселелер қозғалды. Тілге тиек болған қаланы абаттандыру бойынша көп сауалдарға  қала әкімі С. Аймақов жауаптар мен түсініктемелер берді.

Кездесу соңында қала әкімі С.Аймақов мәжілісмендерге  кездесу өткізгені үшін, толық түсініктеме және байымды әңгімелері үшін алғыс айтты.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 17°C , ылғал 41%, қысым 707, жел 6 м/с

Валюта бағамдары

USD 346.68
Euro 404.02
Рубль 5.47

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары