www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
11.07.2018
Ең бастысы қауіпсіздік!

 

Ең бастысы қауіпсіздік!

 

Шахтинск өңірі аумағында 2018 жылдың суға шомылу кезеңінде суда 2 қайғылы оқиға тіркелген. Екі оқиға да адамдар суға шомылуға жабдықталмаған және арналмаған су айдындарында суға шомылу себебінен орын алған. 

Осыған байланысты «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ адамдарды суға шомылу барысында сақталуы тиіс қарапайым ережелерді ұмытпауға шақырады:

- тек санитарлық – эпидемиологиялық талаптарға сай жабдықталған орындарда ғана шомылыңыз;

- өздеріңізге таныс емес жерлерде суға шомылмаңыз;

- суға жалғыз түспеңіз;

- суға мас күйінде түсуге, сондай-ақ, суда ішімдік ішуге болмайды;

- күн астында ұзақ уақыт жүргеннен кейін суға шомылуға немесе секіруге болмайды, себебі суға түсіп салқындаған кезде бұлшық еттер тартылады, ал ол жүрек қағысының тоқтауына әкеп соғуы мүмкін;

Құрметті ата-аналар, балаңызға салқын тиіп қалмас үшін суда балаңызды қатаң қадағалаңыз, сондай-ақ, балаңызды жүзуге ғана үйретпей, сонымен қатар оған оқыс жағдайда өзін ұстау ережесін үйретіңіз және су иірімінің, сіңірлердің түйілуінің, қатты толқындардың, қатты ағындардың қауіптілігін түсіндіріңіз. Сақтық шараларын сақтау – су айдындарында адамдардың қауіпсіздігінің басты шарты.

 

«Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 17°C , ылғал 41%, қысым 707, жел 6 м/с

Валюта бағамдары

USD 346.68
Euro 404.02
Рубль 5.47

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары