www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
09.07.2018
Шахтинск қаласында Астананың 20 жылдығы атап өтілді

 

Біздің мемлекетіміздің астанасы - Астана күні республикамыз бойынша өте жарқын және ұмытылмастай болып атап өтілді. Мерекелік іс-шаралар  қаланың орталық алаңында ұйымдастырылды.

Мереке Яркокросс фестивалімен басталды.  Іс-шараны ұйымдастырушы қалалық ішкі саясат бөлімі және Жастар ресурстық орталығы. Барлық қатысушылар жас мөлшеріне байланысты төрт тобқа бөлінді, олардың ең кішісі 8 жаста болды. Қатысушының әрқайсысы түрлі – түсті қауіпсіз бояу ұлпадан жасалған аспан астында 150 метр ара қашықтықта жүгіріп өту қажет болды. Мерекенің шырықтау шегі жүгіріске қатысушылар алдын-ала дайындалған бояуды жоғарыға лақтыру арқылы өздері жасаған  түрлі – түсті ғаламат бұлттар болды.  Аталмыш іс-шараның біздің қаламызда алғаш рет өткізілгеніне қарамастан, оған адамдар көп жиналды. Яркокросс адамдарға көптеген жағымды эмоция, күш-қуат пен мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мерекені өзінің құттықтау сөзімен қала әкімі С.Аймақов жалғастырды.

«Қымбатты жерлестер! Сіздерді мемлекеттік мереке - Астананың 20 жылдығымен құттықтаймын! Бұл мереке тек Астана тұрғындары үшін емес, әрбір қазақстандық үшін айтулы мереке. Астана – біздің мемлекетіміздің қайта дамуының нышаны, жаңа Қазақстанның нышаны. Жиырма жыл ішінде Астана әлемдегі заманауи әдемі қалалардың біріне, Орталық Азия аймағының экономикалық және мәдени өмірінің орталығына айналды, ол қазақстандықтардың мақтанышы. Біз бәріміз бірге біздің астанамызды және Қазақстанды бұдан әрі қуатты және гүлденген елге айналдырамыз!», - деді аймақ басшысы.   

Іс-шара қала әртістері мен шығармашылық  ұжымдар  ұйымдастырған әсем де, әсерлі мерекелік концертпен жалғасты. Қалыптасқан дәстүр бойынша мерекелік бағдарламаның ажырамас бөлігі болып табылатын бұқаралық спорт ойындары да өткізілді. Бұл күні балалар үшін батуттар мен алтыбақан орнатылды, автокөліктер мен велосипедтерде тебу ұсынылды, мерекелік сауда ұйымдастырылды.

Жалпы алғанда,  Астананың 20 жылдығы қызықты және көңілді өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары дем алды, би биледі және мерекені қуана қарсы алды.

Біздің аймағымыздың барлық кенттерінде де дәл осындай мерекелік іс-шаралар өтті.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр -2°C , ылғал 75%, қысым 718, жел 2 м/с

Валюта бағамдары

USD 370.49
Euro 421.06
Рубль 5.54

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары