www.shahtinsk.gov.kz ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ – РЕСУРСЫ
Мысалы: Қаржылар
Баннер Баннер Баннер Баннер Баннер
04.07.2018
Қала әкімі аппараттық кеңес өткізді

 

Шахтинск қаласының әкімдігінде қала әкімі С. Аймақовтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес  өтті.

Азық – түлік өнеркәсібі кәсіпорындарының, қоғамдық тамақтандыру және сауда объектілерінің жазғы кезеңде жұмыс істеу дайындықтарына тексеріс жүргізу барысы туралы ақпаратты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Е.Бейсембаев берді.

Мәселен, ағымдағы жылдың алты айында 10 тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану, сондай-ақ өнім қауіпсіздігі мониторингі аясында 78 сауда сауда объектісі қамтылды тексерілді. Бұдан кейін жүргізілген тексеріс нәтижелері айтылды.

Үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдерімен, жеке кәсіпкерлермен және жеке тұлғалармен санитарлық – түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіледі. Есеп беру кезеңінде 300-ге жуық адамды қамти отырып, 7 іс-шара өткізілді.

Бұл мәселені қарау қорытындысы бойынша қала әкімі жауапты тұлғаларға тамақ өнімдерін сататын объектілерде азық-түлік өнімдерін сату кезінде, әсіресе жазғы кезеңде санитарлық талаптардың сақталуын ерекше бақылауда ұстау туралы тапсырма берді.

Жеке қосалқы шаруашылық әлеуетін пайдалану арқылы кент тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және агроөнеркәсіп кешені өнімдері көлемін ұлғайту бойынша шараларды жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты Шахан, Долинка, Новодолинский кенттерінің әкімдері баяндады.

Баяндамашылар өздерінің ауылының шаруа және қосалқы шаруашылықтарының қызметін жан-жақты сипаттады. Тұрақты негізде шаруа қожалықтарының қатысуымен, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»  АҚ, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарағанды облысының филиалы, «Жұмыспен қамту орталығы» КММ өкілдерімен далалық семинар-кеңестер, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша кәсіпкерлермен кездесулер өткізіледі. Бүгінгі таңда ағартушылық жұмыстың нәтижелері бойынша Шахан кентінің 11 тұрғындары, Долинка кентінің 3 кәсіпкері өз бизнесін кеңейту және ашу үшін несие алуға ниет білдірді.

Аппараттық кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі С.Аймақов кенттерінің әкімдеріне  ауылдардағы аграрлық секторды дамыту бойынша жоспарланған шаралардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі



Вернуться назад

Жаңалықтар лентасы

Ауа-райы

Шахтинскта бұлыңғыр 17°C , ылғал 41%, қысым 707, жел 6 м/с

Валюта бағамдары

USD 346.68
Euro 404.02
Рубль 5.47

Дауыс беру

VI шақырылым депутаттарының қызметімен Сіз қанағаттанасыз ба?
Күнтізбе Жаңалықтар таратулар Мұрағат қарау
Система Orphus
© 2007-2018 Шахтинск қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Әзірлеуші және қолдаушы: «Creatida» интернет-компаниясы
Басты парақ
Кері
Қаз Рус Eng Жоғары